Психологиялық тест: «Өзіңізге ұнаған қобдишаны таңдаңыз!»
Бірінші қобдиша, өміріңізде орын алатын бірқатар өзгерістерден хабар беріп тұр. Жақын уақытта, жаныңызды қинап жүрген қиындықтан құтылатын жол табасыз. Алда жағымды жаңалық күтіп тұр. Ендеше, дайын болыңыз!
Екінші қобдиша, қаржылық жағдайыңыздың түзелетінін хабарлап тұр. Демек, алдағы уақытта өміріңізде жағымды жаңалықтар болмақ. Бақытыңыз бір адым жақын тұр. Ендеше сіз де оған тез жету үшін барыңызды салыңыз. Іске сәт!
Үшінші қобдиша, орынсыз істерден аулақ болыңыз. Өз атыңызға лайык болуға тырысыңыз. Сізді жұмысыңызда үлкен табыс күтіп тұр. Ендеше барынша еңбектеніңіз. Сіз бағындырар белес әлі алда екенін ұмытпаңыз. Мойымаңыз!
Төртінші қобдиша, өміріңіздегі кейбір сәтсіздіктер оңалып келеді. Сіз үшін айыңыз оңынан туатын күннің алыс емес екені аның көрініп тұр. Ендеше, өз өміріңіз үшін күресіңіз. Сіз мықтысыз!
Бесінші қобдиша, бар күшіңізді жинаңыз және дайын болыңыз. Себебі, жақын уақытта киноға ұқсас өміріңіз басталмақ. Алдағы ай сіз үшін сәтті болмақ. Ендеше, іске сәт!
Алтыншы қобдиша, өзіңізді түсінуге тырысыңыз. Сіздің жаныңыз нені қалайды? Өз өзіңізге есеп беріңіз. Сонда ғана сіздің мәселелеріңіздің түйіні шешілмек. Физикалық және моральдық жағдайыңызға көңіл бөліңіз. Себебі, алдағы уақытта сіз үшін мұның маңызы бола түспек. Ісіңізге сәттілік!