Психологиялық тест: «Зәулім сарайдай үйдің бірін таңдаңыз!»
1. Позитивті жансыз. Сіздің оптимистік көзкарасыңыз айналаңыздағы адамдарға үлкен үміт сыйлайды. Дәл осы қасиетіңіз өз максатыңызға жетуге де көмектеседі. Тек қана алға ұмтылатын, батыл жансыз. Бір белесті бағындырған соң екіншісіне шығуға ұмтыласыз.
2. Батылсыз. Кез болған қиындықты өз күшіңізбен еңсеруге дайын тұрасыз. Сіз кез келген жерде әрі кез келген уақытта бірінші болуды қалайсыз
3. Байқағыш адамсыз. Сізге өзге адамдар мен олардың ой-пікірі қызықты. Көп адам сізге қарай ұмтылады, сізбен дос болуға құмартады.
4. Ертеңіңізді ойлайтын жансыз. Қолда бар дүниені бейберекет шаша бермей, ақылмен жұмсағанды құп көресіз. Осы қасиетіңіздің арқасында өзгелер армандап жүрген дүниеге оңай қол жеткізе аласыз.
5. Бүгінгі күнмен өмір сүретін адамсыз. Өте ашық, ақжарқын жансыз. Басқа адамдарға өзіңіздің жеңімпаз екеніңізді дәлелдегіңіз келеді.
6. Кез келген ортада ерекше болып көрінуге тырысасыз. Өзіңізге назар аудартқанды да ұнатасыз. Сол себепті тек жоғарыда жүргенді қалайсыз.