Психологиялық тест: Қандай тарақ қолданасыз?
Қандай тарақ қолданасыз?
1. Тәуелсіз:
Сіз өзіңізді қоғамда тәуелсіз сезінгенді ұнатасыз. Әйел адам ер адамға қаржылай да, психологиялық тұрғысынан да бағынбау керек деп ойлайсыз.
2. Өте сақ адамсыз
Иә, сіз өте сақсыз. Артық сөйлеу, жаман көріну деген бойыңыздан табылмайды. Үнемі әліптің артын баққыңыз келеді. Жауыңыз жоқ, досыңыз аз.
3. Манипулятор
О, сіз адамның сезімімен ойнағанды ұнатасыз. Оны ашуландырып, жұбатып, қайта ашуландыру. Жүйкесінің шегі қай жерде екенін білу сізге - сізге рахат сыйлайды.
4. Бейжай
Сіз үшін ер адамға тәуелді болу - дұрыс ұғым. Оның пікірімен санасу ұнайды. Сіз сізге бұйыра сөйлегенді, талап еткенді қалап тұрасыз.
5. Шаруа
Сіздің кәсібіңіз бар ма? Жоқ болса, дереу бастаңыз. Себебі сіз істің адамысыз. үйде тамаша жар, жұмыста талапты қызметкер, табанды орындаушысыз.
6. Еркін
Бұл - маска. Сіз өзіңізді еркіндікке ұмтылатын адам ретінде көрсеткіңіз келеді. Сол сарында киінесіз. Сол сарында өмір сүресіз. Алайда, сізді біреу көрсе, ішіңізді ақтарса деп қалап тұрасыз.