Психологиялық тест: «Қай түйінді таңдайсыз?»

Oinet.kz 04-08-2020 5849

А түйіні

Қызық таңдау. Сіз әмбебап адамсыз. Табиғат сізге барлығын тез игеріп кету қасиетін сыйға тартқан. Сол себепті өзіңізге кез келген хобби түрін таңдап алсаңыз болады. Табандап тұрып алу керек болған жерде ерік-жігеріңіз артып, барлығына үлгеріп жүресіз. Шығармашылық табиғатыңыз бен техникалық ақыл құрылымы бір арнада үйлесім тапқан, сол қырыңызбен елден ерекшесіз. Осы үйлесім кез келген бағытта жеңіске жетуге көмектеседі.

image.png

В түйіншегі

Сіз сандармен «сен» деп еркін сөйлесу үшін жаралған жансыз. Сізге кез келген ғылыми бағыт есігін айқара ашады. IT саласында көптеген жетістікке жете аласыз. Жаңа өнертабыс иесі атануыңыз да ғажап емес. Табиғатты сізге берген бір кемшілігі, өз күшіңізге сенбеуіңіз. Бар күмәнді жеңіп, тек алға басуыңыз керек. Сіз болашағымыздың жарық жұлдызысыз, осыны ұмытпаңыз. Тәжірибе жасаудан қорықпаңыз. Бастысы цифрларға «сенім артыңыз», сонда барлығы жақсы болады.

С түйіні

Сіздің жан дүниеңіз бай, қиял әлеміңіз теңіздей терең, адамдарды жетер жеріне жеткізесіз. Өзгелер сіздің айтқаныңызды екі етпейді, сізге сенім артатыны сонша жер түбіне болса да бірге баруға даяр. Адамдарды сөзіңізге сендіріп, дұрыс бағыт бере аласыз. Сіздің ішіңізде нағыз психолог және от ауызды, орақ тілді шешен жатыр. Керемет жазушы, журналист бола аласыз, адамдарға рухани тұрғыда қолдау көрсетуде сізге жететін жан жоқ. Жақындарыңыздың көпшілігі қиындығын сізбен бөлісіп, кеңес алғысы келетінін байқадыңыз ба? Онда біз қателеспеген екенбіз. Себебі олар сізден жан жетекшісінің бейнесін көреді.

D түйіні

Сіз туа бітті көшбасшысыз. Бойыңызда табандылық қасиет жанып тұр. Кез келген мақсатқа дер кезінде жету себебіңіз де осыдан. Ана сүтімен берілген дарыныңыз осы. Ең қиын деген жағдайдың өзін шешіп, барлық жағдайда барынша жетістікпен аяқтайсыз. Одан бөлек сізден ең жақсы елші шығады. Кез келген адамның тілін табу жолын білесіз. Табиғат берген дарыныңызды пайдаңызға жаратыңыз!

Психологиялық тест: Ер адам қайда қарап тұр?
Қатесін табыңыз (логикалық сұрақ)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу