Жұмысты жұлдызыңызға қарап таңдауға болады

Oinet.kz 28-07-2020 1325

Жұмысты жұлдызыңызға қарап таңдауға болады.

Жұлдызнамаға сенеміз бе әлде жоқ па?

Тоқты. «Адам болар бала алысқа қарайды» деген мақал осы жұлдыз белгісімен туғандарға арналған. Басшылық ете білу қабілеті бір көргеннен-ақ анық байқалады. Болашақта бастығының орнын басатын нағыз осы адам екенін жұмыстағылар түгел мойындайды. Тапсырма берілсе болды қызыл түсті көрген бұқадай алқынып, түбіне жеткенше тағат таппайды. Соншалықты екпінмен істесе де, шалағайлығы жоқ. Істі берілген мөлшерден де артық деңгейде орындайды. Үнемі көздеген мақсатына жетеді.

Торпақ. Өз бюджетіңізді өзіңіз ғана басқаруды қалайсыз. Жұмыс өнімділігіңіз жасалған жағдайға байланысты. Мысалы, таңертең жұмысты жұпар аңқыған кофемен бастасаңыз, түске дейін біраз шаруа атқарып тастайсыз. Басшы болу – тек қажеттілік деп есептейсіз, ал жан дүниеңіз бар адам бір сапта, қатар тұрғанын қалайды. Бастығыңыз сіздің ісіңізге риза, жұмысыңыз көңіл көншітеді. Соған орай, жалақыңызды да лайықты төлейді.

Егіздер. Эрудициясы мықты және әр іске икемділігімен өзгелерден айрықшаланып тұрады. Өсекшілер бұл жұлдыз белгісімен туған адамның жанынан жай өте алмайды. Бірақ бұл белгіде туғандар қиын мәселенің шешімін өзгеге ысырып тастауға бейім болады. Сонымен бірге, өзінің қолынан келмейтін істі кімнің ең жақсы атқаратынын да жақсы біледі.

Шаян. Офисте не болып-не қойып жатқанынан түгел хабардар болып отырады. Түбіртектерге қол қоймайтын шығарсыз, бірақ компанияның бюджеті сіздің қолыңыздан өтеді. Барлығы туған күн секілді мерекелік шараларды сіз ұйымдастырғаныңызды қалайды және оны сізден артық атқара алатын адам да жоқ. Себебі сіз жұмыстағы жетекші секілдісіз. Бас директорге теңейді.

Арыстан. Сіз үшін жұмыс деген өнер секілді. Онда ішкі түйсігіңізді жиі қолданасыз. Тек арыстандар ғана шағын компанияны ірі корпорацияға айналдыра алады. Басқалары қарсы тұруға қауқары болмағандықтан, іштарлық танытуы мүмкін. Ал арыстандар ондайларға пысқырып та қарамайды.

Бикеш. Сіз әр іске баспен кіріп кетесіз. Сізден жақсы менеджер шығады. Бірақ жеке жұмыс істегенді тәуір көресіз. Онсыз да қарапайым нәрсені басқаларға қайта-қайта түсіндіре беруден шаршайсыз. Әлдебір техникалық көмек не кеңес керек болған кезде бәрі бірінші сізге келеді.

Таразы. Қоршаған ортасына байланысты көптеген тың идеялар санасында самсап жүреді, дегенмен оны жүзеге асыру жағы әлсіз. Бар күш-қуатын әріптестерімен дұрыс қарым-қатынас орнатуға жұмсайды. Әрқайсысының көңілін табу үшін жұмыс барысынан тыс қалуы да мүмкін.

Сарышаян. Жұмысты тыңғылықты орындауға барын салады. Келеңсіздіктермен күресуді бірінші орынға қойып, олқылытарды дереу әрі жылдам орнына келтіріп отырады. Жаңа идеялардың жаршысы – осы кісі. Егер сіз ұйымдастырушы болсаңыз, қол астыңыздағылар сізден сескенеді, бірақ құрметтейді. Жеке өмір мен жұмысты араластырмайсыз, сол себепті көпшілігі сіз жөнінде ештеңе білмейді. Әріптестеріңізбен өте жақсы араласасыз, бірақ ара қашықтықты сақтай білесіз. Адамдарды жақсы таниды, қайсысымен қалай сөйлесу керегін беске біледі.

Мерген. Ол – компания жүрегі. Сіз өз идеяларын нарыққа қалай шығаруды бес саусағыңыздай білетін маркетинг білгірісіз. Барлығы сіздің компанияңызда болуды армандайды. Көзделген қаржыға қалай қол жеткізу жөнінде жоспарларыңыз бас шайқарлық. Ерекше дарындылығыңыз бен жұмысқа берілгендігіңіз де маңызды рөлге ие. Барлығына шалқар шабыт сыйлап, жұмыста тамаша жетістікке жете аласыз.

Тауешкі. Жұмыс барысы қалай құрылғаны сізге бесенеден белгілі. Істі оңтайлы шешіп, бар ресурсты бақылауда ұстай аласыз. Бір секундты да босқа өткізбейсіз. Өзгелер осы қасиетіңізді ұнатпайды, бірақ оларға қолды бір сілтеп солай жалғастыра бересіз. Ең басты мақсатыңыз – көздеген жетістікке уақытылы жету.

Суқұйғыш. Ақшаға қатысты істерді жаны сүйеді. Жұмыстағы өз бағасын да біледі. Ұзақ мерзімді жобаларға қатысып, бизнеске қатысты стратегия құруды ұнатады. Жаңа технологияларды қолданып көруден еш тайынбайтындар қатарында алдыңғы орыннан табылады. Біздің болашағымызды қалайтын да осы кісілер болмақ.

Балықтар. Бұл жұлдызда туғандар әрдайым шығармашылық даму бар жерде жүреді. Жаңа идея сұрағандарға кеңесші, көмекші бола біледі. Нарық жөнінде сауаты жоғары, сол себепті түкке дайын емес кісіге де қолдау көрсетіп, алға жылжыта алады.

Психологиялық тест: Бір көзді таңдаңыз
Психологиялық тест: Кекіліңіз қалай орналасқан?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу