Психологиялық тест: Сіз үшін ең қорқынышты қайсы?
1) Каннибал
Егер сіз бұл кісіден қорықсаңыз, сіз өзіңізді әр ісіңізге сыни қарайсыз. Қателесуден қорқасыз. Жұмысыңыздың барлығы мінсіз болуын қадағалайсыз. Сонымен қатар, адам мүмкіндігі шектеулі деген түсінікті мойындау – сіз үшін ең қиын шешім. Кішкентай қателіктің өзі сізге жеңілістің ащы дәмін сездіреді. Бойыңыздағы басты қасиетіңіз – мінсіздікке ұмтылу. Дегенмен, ашуыңызды өзіңізде ұстау үшін көп энергияңызды жоғалтасыз. Жұмысты дәл уақытында аяқтау, артық іске бет бұрмау бұл сіздің басты қағидаңыз.
2) Бақташы
Егер сіз бұл кісіден қорықсаңыз, онда басқалардың жағдайы жақсы болғанда ғана, сіздің көңіліңіз орнында болады. Сіз кез келген жағымсыз жайттың алдын ала аласыз. Өте сезімталсыз. Сіз үшін жалғыздықтан құтылу – басты мақсат. Өйткені сіз өзгелер үшін өмір сүресіз, ал жалғыздықта өміріңіздің мәнін жоғалтасыз. Өзгелерге сыйлайтын уақытыңыз бен сүйіспеншілікті өзіңізге арнауға шамаңыз жетпейді. Сіз өзіңізді бағалап үйреніңіз. Өйткені өзгелер құныңызға жете бермейді.
3) Педофиль
Егер сіз бұл кісіден қорықсаңыз, сізбен бірге әрекеттер ілгері жылжиды. Тек мақсат қоя білген адам өмірде жетістікке жетеді деп сенесіз. Өміріңіздегі тыныш сәттердің барлығы іш пыстырарлықтай көрінеді. Кез келген ортаға оңай бейімделе аласыз. Өзіңізді өзгелермен салыстырудың қажеті жоқтығын біле тұра, дәл солай жасайсыз. Сіз жасаған жұмыстардың барлығын өзге адамдардың бағалайтынын естен шығармаңыз.
4) Маньяк
Егер сіз бұл кісіден қорықсаңыз, онда бір ырғақты өмір сүру сізге қолайсыз. Сіз өміріңіздің әр сәтінен әдемілікті іздейсіз. Айналаңыздағы адамдар, ғимарат пен қалалардан көркемділікті талап етесіз. Көп қиялдайсыз. Өмірде сіз қиялдаған нәрсенің орындалмайтнын түсіну сізді қынжылтары анық. Сіз өзіңзідің жеке тұлға екендігіңізді мойындауға тиіссіз. Сонымен қатар сіз – шығармашылық адамысыз. Қолыңыздан көп нәрсе келеді әрі сол өнеріңіз өміріңізге сәттілік әкеледі.