Мақтанышымыз Геннадий Головкин жайлы тың деректер
Қазақстанды әлемге танытып үлгерген танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин 1982 жылы 8 сәуірде Қарағанды қаласында дүниеге келген.
Отбасылық жағдайы
Әкесі - орыс, анасы - кәріс болғанымен Геннаның өзі "Қазақпын" деп Қазақстанды әлемге танытып үлгерді. Шахтер мен химиялық зерітханада көмекші болып жұмыс істейтін жандардың отбасында дүниеге келген.
Головкиннің 3 ағасы бар, алайда екеуі әскерде қызмет атқарып, белгісіз жағдайларға байланысты қаза тапқан. Ал Максим есімді үшінші ағасы бокспен айналысып, ҚР Еңбек сіңірген бапкері болып саналады.
Геннадий Головкин үйленген. Қазіргі таңда Алина есімді жұбайымен екі ұл, бір қыздың тәрбиелеп отыр.
2009 жылы ерлі-зайыптылар ұлды болды. Головкин ұлының есімін әскерде қайтыс болған ағасының құрметіне Вадим деп атады.
Жетістіктері
2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
7 дүркін Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы: жастар арасындағы әлем чемпионы (Мажарстан, Будапешт, 2000 ж.);
ҚР I спартакиадасының чемпионы (2001 ж.);
Шығыс Азия ойындарының чемпионы (Жапония, Осака, 2001 ж.);
Азия ойындарының чемпионы - (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002 ж.);
Жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002 ж.);
«А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы.
WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 8 рет қорғады)
IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 5 рет қорғады).
89% нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокс тарихында орташа салмақ бойынша ноукат үлесімен бірінші орында тұр.
2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты.
Кәсіпқой бокс
2012 жылы Феликс Штурмды жеңген аустралиялық Дэвид Гил міндетті түрде осы жыл аяғына дейін өз белбеуін Геннадийге қарсы қорғауға шақырғанымен, Гил басқа өз отандасымен жекпе жекке шығуға шешкен. Осының нәтижесінде WBA Генаға Гилдің титулын тартып алып берді, яғни Гена - суперчемпион атанды.