Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Қазір бүкіл әлем жұрты коронавирустан үрейленіп, үйден шықпай отырғаны бәрімізге мәлім. Бұл індетпен барша әлем жұртшылығы күресіп, жанталасып жатыр. Әрине, өз кезегінде экономикаға да қатты зияны тиіп жатқаны анық. Алайда, адамзат тарихында коронавирусқа дейінгі қаншама қауіпті жұқпалы індеттер болған. Міне, сіздерге осы адамзатты жайпаған қауіпті індеттер жайлы айтамыз.
1 Антонин обасы
Бұл оба жер бетінде 160-180 жылдары тараған. Жалпы обадан қайтыс болған адамдардың барлық саны 5 миллионға жеткен. Адамзатты аяусыз қинаған обаға Марк Аврели Антонин есімі берілген. Өйткені император соңғы демі қалғанша осы обамен күресіп өткен және осы аурудан қайтыс болған. Сонымен қатар бұл эпидемияны грек дәрігерінің есімі бойынша «Гален обасы» деп те атаған. Бірақ бұл обаның қалай және қайдан шыққаны әлі күнге дейін анықталмаған. Гректерде оны шешек немесе қызылша ауруына балайды. Тарихи деректерге сүйенсек бұл обаны Римге Таяу Шығыстағы соғыстан оралған сарбаз әкелген көрінеді.
2. Юстиниан обасы
Бұл оба әлемде 541-542 жылдары пайда болды. Юстиниан әлемде тұңғыш тіркелген пандемия болып келеді. Айтпақшы, пандемия мен эпидемияның айырмашылығын білесіз ба? Эпидемия дегеніміз – белгілі бір аймақта таралған ауру болса, пандемия дегеніміз – бүкіл әлемге тараған болып саналады.
Юстиниан обасының өршуі Шығыс Рим империясының құлауына әкеп соқтырған. Мысыр мен Эфиопиядан бастау алып егеуқұйрықтар арқылы Константинапольге жеткен көрінеді. Түрлі деректер бойынша обадан 25-100 млн адам қаза болған. Бұл обаның басқа аурулардан ешқандай айырмашылығы болмаған. Бір қарағанда сау болып көрінгенімен, сол күні-ақ қайтыс болған. Тіпті, бұл обамен Рим елі 2 ғасырға жуық уақыт күрескен екен көрінеді.
3. Қара өлім
Қара өлім барша әлем жұртына 1338-1353 жылдары кең тараған. Бұл оба кесірінен Еуропаның барлық халықтарының 60% өліп, тарихта 75-250 млн адамның өліміне себеп болған пандемия болып саналады. Обаның «қара өлім» аталу себебі – науқас өлген соң денесі қап-қара болып кететіндіктен осылай аталған. Ол кезде обаның алдын-алу немесе емдеудің медициналық емі болмаған соң халықты тек карантин режимінде ғана үйде ұстап, аман қалдырған. Тіпті, азық-түлік таситын кемелердің өзі 40 күн бойы бір-бірімен қатынаста болмаған. Бұл обаның екінші толқыны 19 ғасырға дейін жалғасқан. Ал қазіргі таңда бұл ауруды жазуға болады.
4. Коколицтли
Жұқпалы қауіпті індет 1545-1578 жылдары әлемге тарады. Қазіргі Мексиякада пайда болған бұл індет 22 млн халықтың 15 млн адамың қырып жіберген. Бұл обаның негізгі белгілері температураның көтерілуі, қан кету, галлюцинация, тері жаралары және бас ауруы болып табылады. Тарихта аты қалған «ацтек» халқын толығымен жойылып, испандықтарға олардың жерін жаулап алуына мүмкіндік берген. Ғалымдар бұл ауруды Америкаға испандықтардың өздері әкелген деп болжайды.
5. Тырысқақ немесе холерия
Бұл «19 ғасырдың обасы» деген атаумен тарихта қалған. Өйткені, адамзат тырысқақтың 7 пандемиясын бастап өткерген. Індет 1816-1960 жылдар аралығында Үндістаннан Батысқа қарай жылжыды. Нәтижесінде Америка арқылы бүкіл жер шарын айналып өткен. 1960 жылға қарай бұл жұқпалы ауру 40 млн адамның өмірін қиған. Тырысқақ әлі күнге дейін қорқынышты ауру болып саналады.
6. Испан тұмауы
Бұл адамзат тарихындағы жұқтырғандар мен өлгендер саны бойынша әлемдегі ең көп тараған тұмау пандемиясы болып саналады. 1918-1919 жылдар, яғни бар-жоғы 18 ай ішінде 550 млн адамға жұққан. Ал одан қайтыс болған адамдар саны 50-100 млн адамға жеткен. Эпидемия І дүние жүзілік соғыстың соңғы айларында басталды. Пандемияның өршуіне соғыс кезіндегі қиындықтар себеп болды. Бұл тұмау жайлы 1918 жылдың мамыр-маусым айларында ресми түрде Испан баспаларында пайда болған, яғни Испаниядан бөлек басқа елдер тұмау жайлы білмегендіктен обаға «Испанка» атауы берілген. 1918 жылдың мамыр айында Испанияда 8 млн адам осы тұмауды жұқтырған. Негізінен қайтыс болғандар 20-40 жас аралығындағы жас адамдар болып табылды. І дүние жүзілік соғыс бұл аурудың өршуіне себеп болып, алғашқы 30 апталықта 35 млн адам қырылып қалды. Бұл аурудан қаза болғандар саны көп болғаны соншалық адамдар жерлейтін орын таппай, бұрынғы жерленген жерлерді экскаватормен қазып 10 адамнан жерлей берген.
2009 жылы Испан тұмауы қайта басталды. Алайда бұл жолы жеңіл түрі таралып, оны «шошқа ауруы» деп атады.
7. Шешек, яғни оспа
Бұл адамзат толығымен жеңген ең алғашқы инфекция болып саналады. Қазіргі таңда мүлдем жоқ болып кеткен ауру. Алғаш рет Қытайда басталып Кореяға жетті, 737 жылы індет Жапонияны талқандап тастаған. Кейбір деректерге сүйенсек, шешек ауруы салдарынан Жапония халқының 1/3 қаза болған делінген. Шешек санаулы күнде дененің бөрітуімен сипатталады. Бұл кезде тек ауа арқылы ғана емес, киім және төсек орны арқылы жұққан көрінеді. Аурудың тарағаны соншалық адамзаттың әрібір 8-ші адамы қаза тапқан, ал балалар арасында өлім-жетім дәрежесі 30 % жетті. Тіпті, бұл аурумен жазылған күннің өзіңде өмір бақи денедегі жаралар мен көздің соқырлығына әкеп соқтырды.
Ал үндістер үшін бұл шешек ауру өте қауіпті болып келді. Кейбір тайпаларда шешектен 80-90% адам қаза болды. Шешекпен ауырған соңғы науқас 1977 жылы Самалиде тіркелді.
8. Азия және Гонконг тұмауы
Бұл індет адамзат тарихында 1957-1968 жылдар аралығында болған. Ол Гуйчжоу провинциясында басталып, жабайы үйректер арқылы өзге елдерге, нақтырақ Қытай, АҚШ, Үндістан, Австралия, тіпті Еуропа елдеріне де жеткен. Бұл тұмауға қарсы тиімді вакцина жедел әзірленген, алайда оның вирусы мутацияға ұшырап, 1968 жылы "Гонконг" тұмауы басталады. Бұл ауру бүкіл әлемге бар-жоғы 3 айда тарап, 1 млн-ға жуық адамның өліміне себеп болды.
9. Эбола обасы
Жалпы, 21 ғасырда адамзатқа тараған оба аз болған жоқ. Алайда солардың ішінде кең тарағаны Эбола, яғни 2014-2015 жылдарды пайда болған. Эбола қызбасы сирек кездескенімен өте қауіпті болып саналады. Оның жұқтырғандардың жартысына жуығы қайтыс болған. Оны өршітпеу мақсатында әрқилы вакциналар ойлап табылды. 2014 жылдың ақпан айында Гвинеядан бастау алып, Батыс Африка, АҚШ пен Испанияға тарайды. Батыс африкадаға індет екі жылға созылып 2 мыңға жуық адам қайтыс болып кеткен.
Жалпы, білгеніңіздей адамзат тарихында белгілі жылдар аралығында қауіпті аурулар кең тарап отырған. Мұның бәріне Алла тағаланың адамзатқа жіберген сынағы деп қараған дұрыс. Көргеніміздей пандемиядан тек сақтанып жүру арқылы құтыла алады екенбіз.