Көзіңізге түссіз денелер көрінсе...

Oinet.kz 20-02-2020 785

780183.483xp.jpg

Кейде ашық түсті заттарға қарағанда  (әсіресе көк аспанға) көзімізге ауада түссіз  жыбырлап жүрген заттар көрінеді. Бұл эффекттің ғылыми атауы – шыны денелер деструкциясы деп аталады екен. Олар нүкте немесе дақ, талшық, тор, жұлдызқұрт іспетті сипатқа ие болуы мүмкін, бұл – оптикалық иллюзия емес. Олар шынымен де көзіңізде бар және көзіңіздің сыртқы қабатының ішінде сырғып жүреді. Біздің жасымыз ұлғайған сайын көзіміздің ішкі тор қабығының алдындағы тоңба іспетті сұйықтықта «ақшыл денелер» пайда бола бастайды. Көздегі шыны тектес дене – бұл судан ғана тұратын  және тоңба іспетті консистенцияға ие  түссіз масса. Кішкентай бөлшектер көзден өтетін жарықты көлегейлеген уақытта, олар көздің ішкі тор қабығына кішкене көлеңкелерін түсіреді.  Бұл көлеңкелер – біз көзіміздегі «ағараңдаған  денелер» деп қабылдайтын денелердің дәл өзі.

Иттер обырды сезеді екен
Естен тандырған Париж
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу