Жануарлар арасындағы ең адал жұптар

Oinet.kz 18-03-2020 2900

Кейбір жануарлар тек жұптасу маусымында ғана кездескенді жөн көреді. Әрине әркезде әрқалай жұппен. Ал тағы басқа жануарларыз бар жұптарына қашанда адал бола алатын. Әу баста таңдаған жұбымен ғұмырының соңынан дейін бірге болатын. Әрине, ақылға сиымсыз деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ бұл шындық! Адамдар арасында мұндай адалдық сирек кездесу мүмкін болғаны секілді жануарлар арасында да сирек кездесетін құбылыс. Ендеше, жұптарына адал жануарлар тізімімен танысыңыз.

Гиббондар

gibbony (1).jpg

Адамға ұқсас, қолдары ұзын әрі ағашты өз үйіңдей сезінетін бұл маймылдардың адалдығы ерекше. Олар мызғымас отбасы құра алады. Әрі оларда гендерлік теңдікке ұқсас нәрсе бар. Әйелдер мен ерлердің күші мен салмағы бірдей, бір-бірінен айтарлықтай ерекшеленбейді. Бұл тең қатынастарды қалыптастыруға мүмкіндік берді. Және олар отбасылық міндеттерді де екіге бөледі.

Альбатростар

albtrs-700x394.jpg

Теңізде өмір сүретін альбатрос құстары көп саяхаттап, судың бетінде және үлкен қашықтықта ұшып барады. Бірақ бұлардың бір-біріне деген адалдығы бәрінен де жоғары. Әрбір альбатрос үйіне қатып келгенде өзінің жұбын іздеп тауып, жұптасатын маусымда бірге болып, балапан ашады. Құс алғаш жарық өмірге келген сәтінен бастап өмірлік жарын тауып, сонымен ғұмыр бойына  бірге болады. Араларындағы адалдықты өмір бойы сақтап өтеді. Тіпті, олар бірге билейді. 

Дала соқыртышқандары

plvkplv-696x530.jpg

Кеміргіштердің көпшілігі моногамияны іздемейді, бірақ соқыртышқандар ерекше жаратылыс. Олардың арасында отбасы беріктігі қашанды маңызды әрі олар құрған отбасының бұзылуы екіталай. Жұптардың бір-біріне деген қарым-қатынасы өте тығыз әрі олар өздерінің ұрпақтарының қамын ойлап, барлық міндеттерді екіге бөліп тұрады. Олардың жұптасуы соншалық күрделі және оларды жануарлар арасындағы адамдар отбасының үлгісі болып саналады.

Аққулар

svpsrjv-696x435.jpg

Аққулар – махаббат символы. Олар әркез жұптасып өмір сүреді. Әрі олар бір-біріне тұрақты. Бұл жұптар барлық уақытын бірге өткізеді, сөйлеседі, бір-біріне тиіседі. Олардың әдемі жіңішке мойындары барлық ақын-жазушылардың өлеңдеріне арқау бола білді. 

Көгершіндер

grlcy-696x459.jpg

Мәңгілік махаббаттың және бір символы, Шекспирдің музасы болған – көгершіндер. Оларда ғұмыр бойына жұптасып әрі адалдықтарын сақтап өмір сүретіндер қатарына жатады. Өздеріне ұя салып, онда бірге өмір сүріп, балапан тәрбиелеп жүреді. 

Қасқырлар

vlkprvl-700x394.jpg

Бұл жабайы жануарлар жұп таңдағанда мұқият болып, таңдаған жұбымен ғұмыр бойын бірге болады. Қасқырлар жиынтығы өте күрделі болып келеді. Қасқырлар жұбы әдетті бір кастада пайда болып, ер мен әйелдердің мәртебесі бірдей. Бұл жұптар уақытша айырылысса да, кейін қайта жұптасып өмір сүре береді. Қыста, жұптасу маусымында олар өздерінің жұбымен бірге болса, енді ғана өсіп келе жатқан жастары өз жұбың іздеумен болады. 

Психологиялық тест: «Сізге қай зат ерекше ұнап тұр?»
Қасқырдың киесі бар ма?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу