Ғаламторды кім ойлап тапты?

Oinet.kz 28-01-2020

Біз ол арқылы сөйлесеміз, фильм көреміз, әуен тыңдаймз, өзімізге керек кеңесті алатын кеңістік деп танимыз. Бірақ оны кім ойлап тапқанына жіті мән бермейміз.  Ғаламторды адамзат игілігіне қолдануына жол ашқан кім?   

кейіпкер.jpg

                     Теледидар компьютер маниторы бола ала ма?

Тимоти Джон Бернерс-Ли (Timothy "Tim" John Berners-Lee )  1955 жылы 8 маусымда Лондан қаласында туылған. Әкесі Конвэй Бернерс-Ли (Conway Berners-Lee) және анасы Мэри Ли Вудс (Mary Lee Woods) бағдарламашы-математик болған. Олар  Манчестер университетінде  (Manchester University) Manchester Mark I маркалы алғашқы оперативті жады бар есептеу машинасын (компьютер) құрастырған. Бернерс-Ли бала кезінен компьютерлі құрылғылардың суретін салғанды ұнататын. Керексіз картон қораптарды компьютер етіп ойнайтын. Тим Вэндсворд қаласындағы Эмануэль мектебінде оқыды, одан кейін Оксфордтағы Корольдік колледжде білім алды. Сол жерде ол өзінің бірінші компьютерін құрастырды, процессордың базасында М6800 және монитордың орнына теледидар қолданды. Бернерс-Ли оқу орнында хакерлік әрекеті үшін айыпталған. Сондықттан Бернос өзі оқитын білім ордасының компьютерін қолданудан шеттетіледі.

                        Өз өмірін өзгертуі-өзгелерге пайда әкелді

Біздің кейіпкер Стив Джобс және Билл Гейтспен бір жылда дүниеге келген. Бернес көптеген дарынды адамдар секілді жұмыс орнын жиі аустырып отырған. Plessey Telecommunicationsта 2 жыл жұмыс істеген соң, CERN жүйесінің бақылаушысы қызметіне тағайындалады. Оның жұмысы 1000 әріптесімен кері байланыс орнату еді. Ал мәліметтер компьютерге енгізіліп отырылуы шарт еді. Өнбейтін тірлікке көп уақыт сарп етуге наразылық танытқан Тим өмірін өзгертуге шешім қабылдады. Ол диаграммалар мен көрсеткілерді пайдаланатын бағдарламаны жасады. Онда адамның жұмысы қатысқан және сілтемелер қалған жобалармен байланысты біріктірген мәліметтері тіркелген. Бағдарлама Атауы ата-аналар анықтамалығының құрметіне  Enquire(сұрау)  деп аталды.

CERN-дан бағдарлама алғаш іске қосылғанда Бернес жұмысын ауыстырды. Арадан бірнеше жыл өткенде  Бернерс-Ли құжаттамамен жұмыс істеу үшін софт құрды. Ал 1984 жылы CERN-ға стипендиат ретінде қайта оралды. Корпорация түрлі конфигурациялы компьютерлерде жұмыс істейтін әр түрлі ұлт өкілдерінен тұратын адам болды. Бұл әлемнің кішкентай моделіне өте ұқсас болды.

 30-yrs-after-‘httpswww’-inventor-sees-mission-to-fix-ills-1-1024x682.png

Бернерс-Ли ескі бағдарлама туралы есіне алады және оның негізінде жаңа, қосымша жазады. Онда адамдар алыс жерде жұмыс істесе де, ойларды біріктіре алады және білім жинай отырып маңызды жаңалықтар жасай алады. Ол өз алдына бірлесіп жұмыс істеу үшін кеңістік құру міндетін қойды. Жаңартылған бағдарлама сол кезде әзірленген гиперсілтеме негізінде жұмыс істеуі тиіс болатын. Тағы да Бернерс Ли инновациясы қолда бар екі технологияның: интернет пен гиперсілтеменің қосылуынан туылды.

                  Өзіңе сенсең, өзгелердің сеніміне ие боласың

Бернес алғаш ғаламтор жайлы идеясын айтқанда көп инвесторлар түкке тұрғысыз нәтижесіз іс деп бағалады. Бірақ өнертабыс иесі қайсарлығының арқасында  www  сайты мен браузерін құрды.  Бернес барлық өнертабысын адамзат өмірін жаңа арнаға бұруы үшін жасаған.  IT  мамандарына жазған көмекші құралдарына моральдық кеңестерді қоса кеткен.

 Тим қазірге дейін жүзжылдықтың ең ұлы 100 ақылды тұлғасы тізіміне енді. Ұлыбритания патшайымы 2004 рыцарь атағын берді. Сэр Тим Бернерс-Ли -әлемнің 16 жоғары оқу орындарының профессоры, көптеген Құрмет марапаттарының иегері.

                           Сауаптан асқан атақ жоқ

Бір қызығы, дүниежүзілік желіні дамытудың ең басында Тим өнертабыс құқығына үміткер еместігін растайтын қағазға қол қойды. Ол кез келген ұлт пен әлеуметтік деңгейдегі адамдар үшін ресурсқа тегін қол жеткізу мүмкіндігі мәңгіліқ сақталуын талап етті. Бернес Лидің арқасында біз қазір сайттарды ашып, ақпаратты тегін бере аламыз (провайдерлердің қызметтерін есептемегенде).

Суреттер ашық дереккөзден алынды.

Ғайнижамал АРЫСТАНБЕК

Ажар АХМЕТ

Психологиялық тест: Түс мінезіңізді айтады
Психологиялық тест: Алқаңыз сіз туралы не дейді?

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×