Әлемдегі ең ерекше театрлар

Oinet.kz 10-02-2020 3923

Уильям Шекспир жазғандай: «бүкіл әлем - театр». Расыменде, театр – өмір айнасы. Бірақ біз әлі күнге дейін әлемдегі қай театрлардың тарихтағы ең әдемі және маңызды деп екенін біле бірмейміз. Қай кезеңдеде бұл сахналарда ұлы опера әншілері мен театр жұлдыздары өнер көрсетуді армандайды. Бұл театрлардың сахнасындағы қойылымды тамашалау үшін билетті кем дегенде алты ай алдын тапсырыс беріп алып қойған жөн. Ендеше, талайлардың арманы болған әлемдегі ең ерекше театрлар жайлы деректерді ұсынамыз. 

opera_house_flickr.com-sandeep_patil.jpg

Сидней опера театры, Австралия

Сидней опера театры әлемдегі ең танымал бес ғимараттың бірі. Сәулетшінің айтуы бойынша театрдың сыртқы пішіні желкені көтерілген кеменің мүсіндік пішінінде салынған. Бұл ғимарат қазіргі заманғы сәулет өнерінің көрнекті он құрылымының бірі және Сиднейдің айрықша нысандарының бірегейі. Театр салынған портта бұған дейін трамвай депосы, ал одан ертерек - ескі бекініс болған. 

Сидней опералық театрын 1973 жылы ресми түрде Ұлыбритания патшайымы Елизавета II өзі арнайы келіп ашқан.

sydney-opera-flickr.com-Wayne_Chadwick.jpg

2007 жылы Сидней опера театры ресми түрде ЮНЕСКО-ның жеке ғимараты болып танылды. Театр жылдың тек жұма күні мен католиктік Рождество күндерінен басқа барлық уақытта ашық болады. 

Париж операсы, Франция

Париж операсы Гранд-опера деген атаумен де танымал. Ол ХІХ ғасырдың орта тұсында ескі ғимараттарға баруға бас тартқан Наполеон ІІІ патшаның бұйрығымен салынған. 

opera_de_paris_flickr.com-Brigitte.jpg

Театрда жылдың барлық уақытында, тек католиктік Рождества, Жаңа Жыл және 1 мамыр мерекесінен басқа күндерінде экскурсия жасауға болады. Театр әргетасы 1862 жылы қаланған. Ұзақ уақыт Париж опера атауымен аталып, 1989 жылы екінші Бастилия операсы үшін ашылған театр сахнасының сәулетшісі Шарл Гарныенің атауымен ауыстырылды. 

opera_de_paris_flickr.com-Yosuke_Yamada.jpg

Метрополитен-опера. Нью-Йорк, АҚШ

Мет деп қысқартылған Metropolitan Operа театрының іргетасы 1880 жылы құрылған. Алайда қазірде театр ғимараты Линкольн орталығында 1966 жылы орналасқан. Ғимаратта Лембрук пен Мэйолдың мүсіндері, Шагалдың фрескалары, сонымен қатар көрнекті суретшілердің портреттері де бар.н маусым уақытда іссапарға шығады. Шілде де Метрополитен Нью-Йорк саябақтарын аралап тегін қойылымдар қояды. 

metropolitan_opera_flickr.com-karigee.jpg

Брегенц фестивалінің көл көрінісі, Австрия

Брегенц фестивалінің сахнасы Констанс көлінде 200 тіреуіштен тұрғызылды, ал жағасында 6000-нан астам көрерменге арналған орындар бар. Бұл сахнадағы қойылымдар әлемдегі ең ерекше және су өткізбейтін қағаздармен жасалған өзгеше сахналық безендіру болып саналады. 

bregenz_flickr.com-frank_muller.jpg

Театр сахнасы екі жылда бір рет өзгертіліп тұрады. 1946 жылдан бастап шілде-тамыз айларында 

Брегенцте әйгілі опера фестивалі өтті. Фестиваль түрлі музыкалық жанрлардағы театрландырылған қойылымдарды қойды.

bregenz_flickr.com-john_abel.jpg


Арманыңдағы жігітке жолықтырар 16 қадам
Психологиялық тест: Той көйлегі сіз туралы не дейді?!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу