Адам болмайды деп еді...
Амалия Соня Тейлор 2006 жылдың 24 қазанында 22 апталық болып дүниеге келеді. Флорида штатындағы Майами клиникасынан шығарылғанда шала нәрестенің салмағы небәрі 285 грамм, ал бойының ұзындығы 25 сантиметр болыпты. Салыстырып айтқанда қыз кәдімгі қаламмен бірдей болған.
Негізінде медицина мамандарының тұжырымы бойынша, сәбидің салмағы 400 граммнан төмен болса шетінеп кетеді. Сондықтан дәрігерлер Тейлордың өмір сүріп кететініне мүлдем сенген жоқ. Амалияға күтім жасаған неонатологтар кішкентай пацинеттің денсаулығында көптеген сырқаттардың барын айтады. Оның тыныс алу жолында, қан айналым жүйесінде, асқазанында ақау болған. Соған қарамастан түймедей қыз өмір үшін күресе біліп, тірі қалды.
Есім адамдардың тағдыры деген сөз бекер айтылмаса керек-ті. Амалия есімі латын тілінен аударғанда «берілмейтін, шыдамды» деген мағынаны білдіреді екен.