Психологиялық тест: Суреттегі бір сұлбаны таңдау арқылы өзіңізді таныңыз!
Адамдар көбіне өзіңе қарағанда өзгелер жайлы мәліметті көп біледі. Психологиялық тест – адамның өзің толық тануына көмектесетін керемет әдіс. Өз болмысың толығымен тану адамның өз-өзіне деген сенімін нығайтары сөзсіз әрі кез келген дұрыс шешім қабылдау үшінде маңызды. Енді суреттегі ең жолы болғыш деп санайтын жанның сұлбасын таңдаңыз.
№1. Егер сіз осы қызды ең табысты ару деп таңдасаңыз, демек сіз өз-өзіңе нық сенімді, жаңашылдыққа жаны құмар, ойың ұялмай ашық жеткізе алатын жансыз. Кез келген істі бастар алдында өз-өзіңізге сеніп, тек жақсы ойларды ойлап әрі ынта-шантаңызбен кірісесіз. Сіз осындай мансап пен абыройыңызға өзіңіздің қажырлы еңбегіңізбен жетіп және оны өзгелердің аяқасты етуіне жол бермейсіз. Осы өалпыңыздан таңбаңыз!
№2. Егер сізге ақыл немесе жүректі тыңда десе, еш ойланбастан жүрегіңіздің үніне құлақ асасыз. Жүрек таңдауыңыз ешқашан сізді алдаған емес, әркез дұрыс шешім қабылдайсыз. Айналаңызда болып жатқан әрбір істі жіті бақылап жүресіз және ішкі түйсігіңіз мықты. Шындық пен өтірікті тез ажырата аласыз. Сол себептіде сізде көбіне ешкім алдай алмайды.
№3. Сіз әркез ұтымды шешім қабылдар алдында көп ойланасыз, кейін қателесіп қалмайын деген мақсатпен әрбір кішкентай нәрсенің өзің мұқият зеріттеп, қарап шығасыз. Сол себептіде сіздің шешім қабылдауыңыз ұзақ, есесіне дұрыс шешім қабылдайсыз. Бұл сіздің бойыңыздағы ең жақсы қасиетіңіз. Осылай жалғастыра беріңіз.
№4. Сіз аса бір жігерлі емессіз, бірақ өз мүмкіндіктеріңізді жақсы білесіз және жетер жетістігіңізді межелеп, соған қарай нақты мақсаттар жасай аласыз. Әркез жетістікке жету үшін аянбай жұмыс жасайсыз. Өзгелер сізге бәсекелес бола алмайды, өйткені ең мықты бәсекелес өзіңіз екеніңізді жақсы білесіз. Сол себептіде әр күн өзіңізді дамыту үшін тынымсыз жұмыс жасайсыз. Армандаған жетістікке жету үшін қазіргі өзіңізге ыңғайлы ортаны тастап кете аласыз. Осы батылдығыңыз мен жаңашылдыққа ұмтылысыңыз әркез сізді бақытқа жетелейді.