Күйеуімнің әруағымен сөйлесемін
02-11-2024
Жер бетіндегі ең әдемі адам – аяғы ауыр әйел деп саналады. Бұл жәй ғана айтылған сөз емес. Ғылыми дәлелденген тұжырымдама екен. Жүкті әйелдің ерекше құлпырып кетуінің бірнеше себебі бар екен. Ол жүктілік кезінде әйел адамдардың терісі жаңа туған сәбидікіндей жұмсақ болады. Себебі аяғы ауыр кезде, әйел адамның ағзасындағы қан мөлшері 50 пайызға артады. Сондай-ақ сәби күтіп жүрген келіншектердің шаштары қалың, әлі жылтыр болады. Өйткені олардың ағзасында өзге гормондар бөлінеді. Жүкті әйелдің иіс сезу мүшесі ұлғая түседі. Кез келген иісті жақтырта бермейді. Бұл сәбиді зиян иістермен уландырмаудың әдіс-тәсілі деседі.