Гитлер кінәлі ме, дәрігер ме?
Жарты әлемді жаулап алған неміс фашистерінің көсемі Адольф Гитлер ипохондриямен ауырған екен (адамның бойын дел-сал қылатын ауру). Мұндай кеселге Гитлерді дәрігерді шалдықтырды деген күдік бар.
Себебі дәрігер оған түрлі дәрумендер егіп отырған екен. Кейде дәрумендерге метамфетамин атты есірткі затты да қосқан көрінеді. Алайда бұған ақ халаттыны кінәлауға болмайды. Өйткені Адольфтің өзі қуатты, белсенді, сөзшең болу үшін сергек және түні бойы ұйқысыз жүру үшін мықты дәрі егуді талап еткен.