Қошановтың Исмоиловтан не артықшылығы бар?
20-11-2024
Ерлі-зайыптылар жұмыстан қайтқанда екеуі екі түрлі ойланып келеді. Ер адам шаршап келе жатқандықтан, миы жай істеп тұрады да, 10 минутта бірнеше нәрсені ғана ойлай алады. Әйел адам да шаршап келе жатады. Бірақ, оның миы белсенді жұмыс жасайды. Сенбесеңіздер, әйелі мен күйеуінің миына 10 минутқа саяхаттап қайтайық.
Ер адам:
- Әйелім дәмді тағам әзірлеп қойса екен. Қарнымның ашқаны-ай...
- Дүкеннен не аламын?
- Жақсылап ұйқыны қандыру керек болды. Қатты шаршадым...
Әйел адам:
- Бала жылап қалмады ма екен?
- Кешегі ісігі қайтты ма екен?
- Балабақшадан кім алды екен?
- Бүгін балабақшадан тамақ жеді ме екен?
- Жаурап қалмады ма екен?
- Күйеуім жұмыстан келіп қойған да шығар...
- Қарны аш шығар, не тамақ істеп берсем екен?
- Әлде тамақ жеп келді ме екен? Бірақ қайдан жейді?!
- Таңертең кірді жаймай кетіппін, иісі шығып қалған шығар...
- Мұздатқыштағы етті шығарып қоя сал демеппін ғой. Ол енді қай уақытта ериді?
- Ертең бүгіннен де ерте тұрып, шығу керек!
- Фериха қайтер екен? (Сериал кейіпкері)
- Кіре беріс шашылып жатқан шығар...
- Қоқысты төгуді де ұмытыппын...
- Телефонымның қуаты таусылайын деп тұр.
- Ертең биік аяқ киім кимеймін, аяғым бүгін әбден ауырды.
- Мына күртешемді бүгін жуа салайын. Жоқ, ертең жұма ғой. Ертең жуайын. Жоқ, сенбі жусам да дүйсенбіге дейін кебеді ғой.
- Үйде нан бар ма екен?
- Телефоным да өшіп қалды-ау...
- Үйді бүгін бір тазалап алайын.
- Тамақтарын беріп болған соң, суға түсіп алайын.
- Бүгін – шашыма балдан маска жасайтын күнім.
- Тамақ қалса, жұмысқа салып әкетіп жүрейін. Әйтпесе күн сайын түскі асқа кем дегенде 500 теңге кетеді екен.
- Мына маршруттың ішінен жағымсыз иіс шыға бастады.
- Осы аялдамадан түсіп қалып, ана дүкенге кіріп шығайын.
- Мына қыздың сөмкесі әдемі екен.
- Кептелістен де шаршадым...
Аталған ойларға келісесіз бе? Әлде сіздің де бұған алып-қосарыңыз бар ма?