Ежелгі Вавилондықтар аурудан қалай емделген?
Ежелгі Вавилонда дәрігердің қателігі қатаң түрде жазаланған. Науқасты дұрыс емдемегені үшін ақ халаттылардың қолдарын шапқан екен. Вавилон патшалығында дәрігерлердің жетіспеуі де осы себептен. Сонда науқастарды кім емдеген?
Балтыры сыздап, басы ауырған адам дәрігерге емес, қаланың орталық алаңына баратын көрінеді. Қиналып тұрған жанды көрген адамдар оның қай жерінің ауырып тұрғанын сұрайды. Егер жолаушылардың арасында көшедегі науқастікіндей ауруға шалдығып, жазылып кеткен болса онда жолының болғаны. Себебі науқасқа кеңес беріп, білгенін айтып, жазылуына көмектесетін дәл осы адам. Бір қызығы, Вавилонның медицинасы дінмен тығыз байланыста болды. Жергілікті дәрігерлердің пікірі бойынша адамға ауруды «Құдай жаза ретінде береді, Құдайдың қаһарына ұшыраған жандар ауырады» деген түсінікте болған.