Гүлдер фестивалі туралы білесіз бе?

Oinet.kz 11-02-2020 1312

Гүлдер фестивалі - Тайландтағы ең әдемі және әсерлі сәттердің бірі. Туристік орталықтардың біріне айналған, экзотикалық аймақа Гүлдер фестивалі жыл сайынғы дәстүрлердің біріне айналған. Бұл мереке жыл сайын ақпан айының бірінші жұмасында, елдің солтүстігіндегі Чианг Май қаласында өткізіледі. 

f1d4413f.jpg

Көптеген тарихи деректерге сүйенетін болсақ, Чианг Май қаласы бір кездері «Солтүстіктің раушаны» деп аталған. Әдемі гүлдерімен ерекшеленетін Таиландтың солтүстігіндегі аймақ ең әдемі қала болып есептеледі. Сұлулықты жанындай сүйетін жергілікті тұрғындар өмірінің көп бөлігін гүл өсіруге арнаған. Аталмыш дәстүр Таиландта бүгінгі күнге дейін сақталған. Жылына бір рет заманауи бағбандар гүлдер фестивалінде өз өнерлерін көрсетеді. Гүлдер фестивалі өткізілетін күні көшеге балалар мен әйелдер және ерлер шеруге шығады. Бұл шеруге тіпті туристерде келіп қатыса алады. 

Мыңдаған немесе миллиондаған тұрғын қолына түрлі түсті гүл алып шығады. Таиландтың сұлу бойжеткендері осы шараға арнап арнайы экзотикалық ұлттық киім тігеді. Өйткені фестиваль соңында олардың ішінен ең әдемісі таңдалады. Сонымен олар, "Гүлдердің патшайымына" айналады. Гүлдер шоуы - махаббаттың ең үлкен көрінісі. Осыдан жеті жүз жыл бұрын қаланың негізін қалаушы тұлғалар, бұл аймақты тектен текке "Чианг Май" деп атамаған. 

Әлемдегі алғашқы хирургтар кімдер?
Психологиялық тест: Қайсы тағамды сүйсіне жейтіңізді таңдаңыз
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу