Дүйсенбіні жақсы бастауға арналған 4 кеңес

Oinet.kz 06-02-2020 1693

uzn_15794696248.jpg

Жұмысбасты адамдар үшін дүйсенбі өте қиын күн! Алғашқы жұмыс күні - сіздің сәтті аптаңыздың кепілі бола алады. Егер де, аптаңызды дерлік керемет өткізгіңіз келсе мына кеңестерге назар салыңыз!

1. Өз жұмысыңызды жақсы көріңіз

Әдетте адамдар жұмыста күнінің көп бөлігін өткізгендіктен оны жан тәнімен сүйгені жөн. Өз кәсібі мен міндеттерін жақсы көруі тиіс. Алайда, сіздің жұмысыңыз кеңседе емес, күзетші немесе аула сыпырушы болса ше. Ондай жағдайда жұмысыңызды немесе оған деген көзқарасыңызды өзгертіңіз. Адам бақытты өмір сүру үшін жаратылғандықтан құнды уақытыңызды босқа ысырап етпеңіз. Әр кәсіптің жағымды тұстары бар. Бастысы өз ісіңіздің құндылығын тереңірек түсініңіз. Алғашқы жұмыс күнінің сәтсіз өтуі сіздің демалыс күндері толыққанды демалмауыңыздан. Сондықтан, демалыс күніңізді толықтай демалуға арнауға тырысыңыз.

2. Дүйсенбі күні өзіңізге көп жүк түсірмеңіз

Дүйсенбі күні барлық жоспарланған ісіңізді жүзеге асыруға тырысыңыз. Бұл сізге жұмысыңызды тиімді атқаруға және уақытында бітіруіңізге көмектеседі. Дүйсенбі күні мен жұма күнінің арасындағы айырмашылық жер мен көктей. Жұма күні аптаның соңы болғандықтан сізді барынша жігерлендіреді. Сондықтан дүйсенбі күн көп адамдарға қиындық туындатады. 

3. Дүйсенбі күнін ерекше деп санаңыз

Дүйсенбіде жұмыс аптасын нәтижелі бастауға тырысқанымызбен көп уақытымыз қарапайым жұмыстармен кетіп қалып жатады. Дүйсенбіде күндізгі жұмыстаржы жедел әрі жеңіл ету үшін жоспарды жақсылап құрыңыз. Дүйсенбіде адамдар өте қатты шаршайды. Сондықтан, аптаның алғашқы күнін жақсы бастау үшін театрға, киноға немесе достарыңызбен кездесуге арнаңыз. Достармен сөйлесіп, қыдыру сізді күйзеліске алып келмейді. Өзіңізді апта бойы жақсы ұстауыңызға көмектеседі. 

4. Дүйсенбіні жоғары бағалаңыз

Дүйсені жұмыс істейтіндер үшін ең жаман күн. Бар жұмысты бағаламай, жұмыссыз қалсаңыз бұл сіз үшін үлкен қасірет және күйзелісті жағдай. Сондықтан, жұмысыңызды қадірін білгеніңіз жөн!

 

Сізге қай мамандық лайық?
Психологиялық тест: Сіздегі шаш үлгісі қандай?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу