Бетперде тағуды қай ел ойлап тапты?
Вирустық аурулар өршіп тұрған кезде көшеде бетіне медициналық бетперде таққан жандарды көп көреміз. Ондағы мақсат тұмауды өзгелерден немесе өзгелерге жұқтырмау.
Бүгінде медқызметкерлер тағуға міндетті бетперделер ежелгі Қытайда сонау мың жыл бұрын пайда болған екен. Қытайлық тұрғындар иісі аңқыған емдік шөптер оралған жұқа матаны мойын мен аузына байлап жүрген көрінеді. Дем алған кезде шөптердің иісі тыныс алу жолдарына өтіп, сол арқылы ағзаны вирустардан қорғап, иммунитетті көтерген.