Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
БЕРУ КЕРЕК:
Үлкенге - сәлем, Қуантқанға - сүйінші, Қуанышқа - шашу, Соғымнан - сыбаға, Егіннен - кеусен, Малдан -көгендік, Балаға - базарлық, Киімге - байғазы, Сәбиге - көрімдік, Төркіндеген қызға - қалауын, Жаңа көршіге - ерулік, Досқа - естелік, Жетімге - қолқайыр, Мүсәпірге -садақа, Байлықтан - шүлен үлестіру, Тойға - сияпат, Жас үйленгендерді отқа шақыру, Жас босанған анаға- қалжа, Сағынғанға - сәлемдеме береміз.
СҰРАУ КЕРЕК:
Алладан - денсаулық. Пайғамбардан - шапағат, Қыдырдан - бата, Аңшыдан - сыралғы, Сырқат жанның - көңілін, Қарттың - қал - жағдайын, Жетімнің - жай - күйін, Саудың - амандығын, Ағайынның - бүтіндігін, Олжадан - тәбәрік, Қонақтан - бұйымтай.
ТІЛЕУ КЕРЕК:
Барға - тәубе, Жоққа - сабыр, Ауырға -төзім, Жақсылыққа - алғыс, Болашаққа - сенім, Жетістікке - шүкір, Өткенге - салауат, Қалғанға - береке, Басқа - амандық, Денге - саулық.