Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Өздігінен босана алмаған жағдайда дәрігерлер анаға кесар тілігін жасайды. Жауапты отаға тек білікті хирургардың қатысатыны белгілі. Алайда әлемде түрлі қызықты, тосын жағдайлар кездеседі емес пе?!
2000 жылы мексикалық қарапайым келіншек Инес Рамирез медициналық білімінің жоқтығына қарамастан өз-өзіне кесір тілігін жасап, баласын дүниеге әкеледі. Толғақ қысқан кезде оның күйеуі удай мас болған көрінеді. Ал ауылында жалғыз акушер болған. Оның өзі үйінен 80 шақырым қашықтықта тұрған. Байғұс әйел телефоны болмағасын көмек шақыра алмапты. 12 сағат қиналып жатып қалған жүкті келіншек ақыр соңында анестезия үшін ішімдіктен ұрттап, ішін кәдімгі ассүйдегі пышақпен тіледі. Жатырдағы шарананы шығарып, кіндігін кеседі. Осыдан кейін ғана ол үлкен ұлын көмекке жіберген екен. Шұғыл жеткен жедел жәрдем үй жағдайында босанған ана мен баланы ауруханаға алып кетеді. Шарасыздықтан ерлікке барған Инес медицина тарихында алғаш рет өз-өзіне кесір тілігін жасаған әйел ретінде қалғаны анық.