Қытайдағы өлім жазасы
Қытай өлім жазасына кесу және оны жүзеге асыру санына қарай бірінші орындағы ел. Түрлі мәліметтерге сәйкес, Қытайда жыл сайын 2-7 мың өлім жазасы іске асырылады. Яғни, Қытайда әлемдегі қалған барлық елдердегі жиынтық саннан көп адам өлім жазасына кесіледі.
Тағы бір атап өтерлігі, Қытайдағы соттар қылмысқа қатысы бар деген күдіктілердің 99 пайыздан астамын айыпты деп таниды. Кейінгі 10 жылда 6 миллионнан астам адам қылмысқа кінәлі деп танылған.
Қылмыстың ауырынан бастап орта деңгейдегі қылмыспен темір торға қамалғандардың барлығын өлім жазасы күтіп тұр. Мұндай қылмыстардың ішінде біреуді көлікпен қағып кеткенде, энергиялық құрылғыларға зиянын келтірсе, ұрлық жасағанда, біреуге қылмысты жасауға көмектесетін ақпарат бергенде, түрмеден қашқанда, археологиялық маңызы бар жерді жөнсіз қазғанда, жемқорлықпен айналысқанда, сарбаздар әскери тәртіпке бағынбағанда қытай азаматтары өлім жазасына кесіледі.