Семіздіктен арылтатын отаның құны қанша?
Семіздіктен хирургиялық жолмен құтылғысы келгендер операция үшін қомақты қаражат төлеуге мәжбүр. Оны қалтасы көтермейтіндер амалсыздан ұзақ мерзімді диета мен физикалық жаттығуларға көшеді. АҚШ-та бариатриялық операция үшін 40000-60000 долларға дейін барады.
Ұлыбританияда шамамен 15000-30000 доллар. Мексика, Тайланд пен Шығыс Еуропа елдеріндегі бариатриялық оталар бұдан да арзан: 5000-7000 доллар аралығында. Соңғы дерек бойынша, Қазақстанда мұндай операцияға шамамен 400 000-500 000 теңге төлеу қажет. Есесіне, Швеция секілді кейбір елдерде асқазанды шунттау операциясы мемлекеттің есебінен жүргізіледі екен.