Санта Клаустар (Аяз аталар) жарысы
Жаңа Жыл қарсаңында әлемнің түкпір-түкпірінде мерекелік сайыстар, фестивальдар өткізіледі. Соның бірі -Михендорфа тұрғындары жыл сайын ұйымдастыратын Санта-Клаустар марафоны. Биылғы сайысқа үлкені бар, кішісі бар 999 адам қатысқан. Фестиваль жүргізушілері барлық қатысушыларды жынысы мен жасы бойынша топ-топқа бөлген екен. Санта-Клаус киімін киген әрбір қатысушы тоқтамастан жүгіруі керек және көшеде аяз болғандықтан өздерімен бірге ыстық шәй алып жүрулеріне рұқсат берілген. Ал арнайы белгіленген орындарда жарысты ұйымдастырушылар ыстық шелпектер мен бәліштер таратқан болатын. Ал Ұлыбританиядағы Ливерпулда өткен Santa Dash атты Санта-Клаустар сайысына 3000 адам қатысты. Ағылшындықтардың ережелері де немістер ережесіне өте ұқсас. Олар жасына, жынысына қарамастан 5 шақырым жолды жүгіріп өтеді. Сайыс жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етіледі.