Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Орта ғасырлық Еуропадан қалған жарқын бейнелердің бірі – оба дәрігері екені рас. Оның түрі жұрт үшін дарға асушы жендеттен де қорқынышты еді. Көшеде оба дәрігерінің келе жатуы кәдімгідей халықтың үрейін туғызатын, себебі бұл осы маңайдағы мыңдаған адамды өлімге душар ететін, «Қара өлім» атты аса қауіпті індеттің таралуының белгісі болатын. Оба дәрігерін тағы «құс дәрігер» деп те атайтын. Себебі, оның бетіне киген маскасы құстың тұмсығына ұқсайтын.
Бұрынғы заманның дәрігері неліктен мұндай киім мен масканы кигенін түсінуге де болады. Орта ғасырларда бірден диагностика жасап, адамның оба ауруына шалдыққанын анықтай салатын мүмкіндік жоқ еді. Тіпті қатерлі инфекцияның таралу жолдарына қатысты нақты ұстаным болмаған. Әдетте ауру физикалық байланыс, киім және көрпе-төсек арқылы таралады деген ұғым қалыптасқан. Сол себепті, дәрігерлер құстың тұмсығына ұқсайтын маска киетін.
Костюм келесі элементтерден құралады: қалпақ, құстың тұмсығына ұқсайтын маска, қызыл түсті линза, қара пальто, былғарыдан жасалған шалбар және ағаш таяқ. Әрқайсысының өз функциясы болатын. Мұндай қорқынышты костюм дәрігерді қатерлі эпидемиядан қорғайды деп есептелген.
Құстың тұмсығындай масканы киюде эстетикалық та мән бар еді. Түрлі инфекцияларды жұқтырып алмас үшін дәрігер үнемі сарымсақты шайнап жүретін. Ұзын тұмсық маска өзгелерге жағымсыз иісті аса сездіре бермейтін. Оның үстіне, бубон обасы ауруынан сақтану үшін масканың ішкі жағына түрлі хош иісті шөптерді салынатын. Оның тағы бір міндеті - дәрігерді өліктің мүңкіген иісінен қорғау еді. Қызыл линза да маманды қауіпті індеттен сақтайды деп есептелетін.
Әйткенмен, ол костюмнің пайдасынан зияны көбірек болғаны мәлім. Көп жағдайда дәрігерлердің өздері оба ауруның құрбанына айналатын. Шөп те, маска да дәрігерді қауіпті бактериялардан қорғай алмады. Ол аздай, маманның костюмі де оба індетін таратуға өз «үлесін» қосты.
Солай бола тұра, оба дәрігері – сол замандағы ең мықты әрі табысты мамандықтардың бірі еді. Қарапайым дәрігерге қарағанда обаны емдеуші маманның жалақысы 4 есе жоғары болатын.