Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Қазақстан шыққан жоғары білімді алғашқы дәрігерлердің тағы бірі Мәжит Шомбалов 1873 жылы қазіргі Орал облысы Қазталов ауданында дүниеге келген. Ол қазақ даласындағы обаға қарсы күрескен алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі, республикада дәріхана жүйесін қалыптастырудың негізін қалаушы болды.
М.Шомбалов 1899 жылы Қазан университетінің медицина факультетін бітірді. 1899 – 1903 жылдары Орда оба стансасында дәрігер, 1903 – 17 жылдары Орда ауруханасының меңгерушісі қызметін атқарды. 1911 жылы И. Мечников басқарған экспедиция құрамында Қалмақ даласында оба індетін зерттеу жұмыстарына қатысты. Ол екі мәрте “Қырғыз даласының Нарын бөлігі мен оңтүстік округтердегі обамен күрестегі еңбегі үшін” арнайы күміс белгісімен марапатталған.
Азамат соғысының ауыр кезеңдеріне қарамастан, Бөкей губерниясында 370 төсектік, оның ішінде Ордада 100 төсектік аурухана ашуға қол жеткізді. 1923 – 29 жылдары Қазақстан денсаулық сақтау халкомының орынбасары, сонымен бірге Қырғыз АКСР Орталық Атқару комитетінің мүшесі және Бүкілресейлік Қызыл крест қоғамының Қазақстандағы өкілі болып тағайындалды. 1929 – 38 жылдары Қазақтың республикалық дәріхана басқармасының бастығы, біраз уақыт Орал қаласында обаға қарсы стансаның меңгерушісі болды. Қазір Алматы қаласындағы 4-дәріхана Шомбаловтың есімімен аталады.