Балам құлағымдағы сырғама дейін алып қойды
15-10-2022
Нәресте екі-үш айға дейін ақпаратты тек құлақпен алады. Сондықтан, бесік жанында әңгімелесуге, музыка қоюға болмайды. Себебі, бала жаманды- жақсылы эмоцияның бәрін миына жинақтай береді.
Бұл жайында американдық биологтар L.Dj.Milk пен M.Milk мынадай тәжербие жасаған. Олар бесік жырын тыңдау кезінде бөбектің жүрек қағысын тексереді. Қараса, олардың жүрегі қалыпты, яғни бір минутта 68-72 рет соққан. Әрі бала бойынан эндорфиндер, яки қуаныш гормондары бөлінетіні байқалады. Ал заманауи музыкадан сәбидің жүрегі шамадан тыс қатты соққан. Ұйқысы бұзылып, өзін қорғансыз сезінген. Тіпті, романтикалық әуендер тыңдату да орынсыз.
Ол бөбектің сезім мүшелеріне қатты әсер етіп, шектен тыс дамытып жіберген. Есейгенде махабатқа тұрақсыз, сезімге жеңілтек келуі осының әсерінен.
Германияның ғалымдары бесік жырының пайдасын басқа бір қырынан ашықтайды. Олардың айтуынша бала бесік жырын тыңдағанда оның ажар-көркіне жауап беретін гормрондар жақсы жетіледі. Анасы әлди айтқанда көңіліндегі көркем идеалдар мен асыл мұраттар, арман-тілектер баланың болмысына дариды.
Менің балам осы ма?
Басында бақыт құсы ма?
Ғайып ерен, Қырық шілтен,
Бөбегімнің досы ма?
Әлди , әлди, әлди-ай,
Әлди, әлди, әлди-ай !!! Лә иләһа иллалла,
Иллаллада пайда бар.
Мұхамбеттің үмбеті
Осындай бала қайда бар?
Әлди,әлди,әлди-ай,
Әлди, әлди, әлди-ай !!! Балам менің Жүсіптей
Болар ма екен келбетті?
Ажарың айдай толсын деп,
Иллалалап тербеттім
Әлди, әлди, әлди-ай,
Әлди, әлди, әлди-ай !!! Ымыранның ұлы Мұсадай,
Досы болғын Құдайдың.
Қызыр ерсін қасына
Тәңірден соны сұраймын.
Әлди, әлди, әлди-ай,
Әлди, әлди, әлди-ай !!! Ғайсадай нұр бітімің
Салих болар ма екенсің?
Хақтын жолын таныған
Ариф болар ма екенсің?
Әлди, әлди, әлди-ай,
Әлди, әлди, әлди-ай !!! Әзіреті Мұхамбет-
Сәруары болған ғаламның
Рахматының тамшысы-
Нұрынан сен жарлдын.
Әлди, әлди,әлди-ай,
Әлди, әлди,әлди-ай!!! Төрт шадияр-достарың,
Жадыңа тоқы, құлыным.
Нұрланып иман-бостаның.
Жүзіңнен тамсын шырының.
Әлди, әлди, әлди-ай,
Әлди, әлди, әлди-ай !!! Ғайып ерен, қырық шілтен,
Тоқсан тоғыз мың машайық.
Сексен сегіз серулер,
Әлдилетіп қосайық.
Әлди, әлди, әлди-ай,
Әлди, әлди, әлди-ай !!!