Қан тобыңыз қандай?
Қанның негізгі 4 тобы және типіне қарай ерекшеліктері, айырмашылықтары болады. Ендеше, қан тобына сипаттама берейік.
0 тобы (I топ) «Әмбебап донор»
0 қан тобы бар адамның А және В антигендері жоқ. Сондықтан мұндай қанды кез келген қан тобы бар адамдарға құюға болады, себебі ол бөгде қан ретінде қабылданбайды. Сонымен бірге осындай ағзада АВ-антиденелері бар, сондықтан иммундық жүйе өзінен басқа қан тобын қабылдамайды.
А тобы (II топ)
Бұл ағзада А антигендері мен В антиденелері бар, сондықтан ол 0 және А (I және II топтар) қанын қабылдай алады, В және АВ антигендері бар жасушалар бөгде болып танылады.
В тобы (III топ)
Осындай қанның құрамында В антигендері мен А антиденелері бар. Ағза 0 және В (I және II топ) қанын қабылдай алады.
АВ тобы (IV топ) «Әмбебап реципиент»
Осындай ағзада А және В антигендерінің екеуі де бар. Мұндай қаны бар адам кез келген топтағы қанды қабылдай алады, себебі оның қанында антиденелер жоқ.
Резус фактор Rh
Эритроциттердің бетінде резус факторға жауап беретін басқа антиденелердің белгілі бір тобы орналасуы мүмкін. Егер олбар болса, қан резусы оң Rh+ болады. Егер антиденелердің бұл тобы болмаса, резус теріс Rh-. Қан резусы теріс адамдар тек резусы теріс қанды ғана қабылдай алады. Резусы оң адамдар екі түрін де қабылдай алады.
Осылайша, кез келген реципиентке құюға болатын ең «әмбебап» қан – резусы теріс 0 тобындағы қан (0(I) Rh-). Қазіргі медицинада қанды тек өз тобына құю қажет деген қағида қолданылады. Бұл мақсатпен бүгінде көптеген жағдайларда қанның эритроциттік масса, лейкоциттік масса және т.б. сияқты құрамдас бөліктері ғана құйылады. Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіп қалады да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды.