Чарльз Диккенс. Таңғажайып саяхат
05-05-2020
Samsung-тің бүктемелі смартфоны: ET News ақпаратына сүйенсек, Samsung компаниясы 2017 жылы бүктелмелі экраны бар жаңа смартфонды таныстырмақ. Бұл смарфонның басты артықшылығы – жәй ғана әмиан ретінде бүктеп, қалтағы салып жүруге ыңғайлы.
Селфи арқылы төлем жасау: Компанияның негізін қалаушы Джек Ма 2015 жылдың наурыз айында CeBit конференциясында селфи арқылы төлем жасау жүйесін көрсетті. Тіпті, сол арқылы төлем жасады. Аталмыш технология интернет арқылы сауда жасауды жеңілдетеді. Күрделі құпия сөз енгізу немесе ұзақ тексеру процесі қажет болмайды. Аталған төлем жүйесі 2017 жылы енгізілмек.
Бәріне қолжетімді реактивті сөмке: Жаңазеландиялық Martin Aircraft 2016 жылы Personal Jetpack атты реактивті сөмкелерді құрастыратындығын хабарлаған болатын. Биыл бұл тауар түрлері нарыққа шығады. Сөмкенің құны – 150 мың доллар. Аталмыш технология иесі бұл сөмкені қолдану арқылы өзі де ұшады немесе қандай да бір тауарды өз бетінше ұшырып жібере алады. Өндірушілердің сөзіне сенсек, аталған реактивті сөмкенің жылдамдығы сағатына 74 шақырымға дейін жетеді.
Робот-полицей: 2017 жылы Біріккен Араб Әмірлігінің тәртіп сақшылар департаменті әлемдегі алғашқы робот-полицейдің жұмысын бастайды. Робот сенсорлы экраны арқылы адамның түрін сканерлейді және даусын ажыратады. Түрлі сауалдарға жауап беру қызметіне ие. Қолдан жасалған тәртіп сақшылары алдымен Дубайдағы Бурдж-Халифа ғимараты мен туристік орындарда пайдаланылады. Әрине, бұл роботтар қылмыскерлердің соңына түсіп, оларды қолға түсіруге толық дайын емес. Дегенмен, адасқан туристерге жол сілтеуге, құқықбұзушылықты видеоға түсіруге немесе тәртіп сақшыларын жылдам шақыру жұмысына өте ыңғайлы.
Алғашқы рет айға жеке ұшу мүмкіндігі: Америкалық жеке Moon Express компаниясы 2017 жылы өз модулін айға ұшыруға рұқсат алды. Осыған дейін мұндай қадамға тек мемлекеттік корпорациялар ғана баратын еді. Ұлыбританиялық «Гардиан» басылымының мәліметінше, маңызды жоба сәтті жүзеге асса, Moon Express Google-дан 20 млн доллар көлемінде сыйақы алады.
Жасанды жүрек: Ресей биыл жасанды жүректі таныстырады. Соның көмегімен донорлық жүректі күтетін емделушінің өмірін 3-5 жылға созуға болады. ТАСС дерегіне сүйенсек, жасанды жүректі пластиктан, титаннан және тот баспайтын болаттан жасайды. Массасы адам салмағына байланысты 300-650 граммды құрайды. Сыртқы қозғалмалы аккумулятор энергияның көзі болады. Аккумулятор адам беліне ілінеді. Бұл механизм әлемдік ғылымға жаңалық емес, алғашқы рет осындай аппарат өткен ғасырдың аяғында қолданылған. Дегенмен, Ресей шетелдік технологияны отандыққа алмастыру жұмысын жүргізбек.
Қалта компьютері: Sirius A қалтаға салатын жан-жақты компьютері смартфонның да барлық қызметін иемденген. Мысалы, 6-дюймдік сенсорлық экран, 64 Гб-дық жад, камера, диктофон. Тағы бір артықшылығы, компьютер сынды барлық кабельдері құрылғыларды және USB жалғауға мүмкіндік беретін арнайы порттары бар. Ал Wi-fi-мен ғаламторға қосылуға болады. Ockel Computers компаниясы бағасы – 699 доллар болатын компьютерді сұр, күміс және алтын түстес нұсқалармен шығармақ.