Чикагодағы «Сиэрс-Тауэр» ғимараты туралы деректер

Oinet.kz 06-11-2019 986

Чикаго қаласы.jpg

Чикагодағы "Сиэрс- Тауэр" ғимаратының 412 метр биік жерінде таза шишадан жасалған қаланы тамашалау алаңы салынды. Оған қазір жыл сайын 1,5 миллион турист келеді екен.

Бұл жерден Чикаго қаласы мен АҚШ- тың көрші штаттарын да көруге болады. Алайда, шиша алаңға кез келген адам бірден аяқ басуға қорқады. Өйткені, оның асты тіреуіші жоқ секілді көрінеді.

"Сиэрс- Тауэр" зәулім үйі 25 жыл бойы әлемдегі ең биік ғимарат болып келді.

Ол 110 қабаттан тұрады. Биіктігі 527 метр. Ғимараттың ішінде күніне 25 000 адам жүреді.

Мұнараның үлкендігі соншалық, 16 000 терезесі бар екен. Ұзақ уақыт АҚШ пен әлемнің ең биік үйі саналған "Сиэрс- Тауэр" ғимараты 2005 жылдан бастап Дубай мен Шанхайдың биік үйлеріне жол берді...

Айбол Қарашевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Детройт қаласы - автоконцерн орталығы
Сиднейдегі «Харбор-Бридж» көпірі туралы деректер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу