Қажылыққа ең алғаш барған қазақтар кімдер?

Oinet.kz 24-10-2019 2188

Screenshot_14.jpg

Талас ғазауатынан (751) кейін Түркістан өлкесінде ислам дінінің таралуы үдей түсті. Мысалы, «Насабнама» нұсқаларында 770-шы жылдары Ысқақ бабтың Сырдария жағалауы мен Қаратау өңірінде хақ дінді насихат қылғандығы айтылады. Түркілер исламды қабылдай салысымен халифаттың маңызды істеріне белсене араласты. Тіпті, түркілер дербес квази мемлекеттер де құрды. Мысырда құрылған Толуни (874-905), Ихшид (935-969), Иран жерінде құрылған Сажи (890-929), Мәураннахрдағы Самани (875-999), Қарақан (944-1211), Ғазнауи (971-1030), Селжұқ (1035-1155) және т.б. мұсылман-түрік мемлекеттері тарих сахнасына шықты. Аталған тарихи кезеңдерде хақ дінді қабылдаған ата-бабаларымыздың қажылық парызды өтегені күмән тудырмайды.

Дегенмен, алғаш рет нақты кім қажылыққа барды деген сауалға жауап берер болсақ, Алтын Орда билеушісі Берке ханның (1258-1266) бәдел* қажылық жасағандығы туралы тарихи мәліметті көрсетуге болады. Алтын Орда хандығы туралы мәліметтер (СМИЗО) жинағында ибн Әбдузаһир мен Нубайри 1263 жылы Мысыр сұлтаны Бибарыстың Алтын Орда билеушісі Берке ханның атынан Мекке-Мәдинада бәдел қажылық миссиясын жүзеге асырып, Алтын Ордаға аттандырған елшісі ибн Дая Хажиб Сажаддин арқылы Берке ханға тәбәрік ретінде арнайы хат пен зәмзам суын жібергендігін баяндайды (Тизенгаузен В. Г. Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. 150, 320 стр). Сондай-ақ, осы мәтінде Сұлтан Бейбарыстың Мекке мен Мәдина мешіттерінде құтпада өзінен кейін Алтын Орда билеушісі Берке ханға дұға мен мадақ айтылуын бұйырғаны жазылған.

Бұл тарихи деректе Берке ханның бәдел қажылығын сұлтан Бейбарыстың ұйымдастырғандығы айтылған. Алайда, бәдел қажылық жасауға Берке хан да ниетті болған деп ойлаймыз. Себебі, Әмин әл-Холи өзінің шығармасында Алтын Орда билеушісі Берке ханның кубравия тариқатының шейхі Әл-Бохарзидің мүриті болып, Шыңғысхан ұрпақтарының ішінде Хақ діннің жоқтаушысына айналғанын жазады (Әмин әл-Холи. Силат байна ән-Нил уа әл-Вулга. 71 б). Берке хан тұсында Алтын Орда астанасына Ислам діні ғұламалары шақыртылып, көптеген мешіттер мен медреселер тұрғызылды. Алтын Орда империясының астанасы Сарай-Беркенің сәулеті мұсылмандық нақыштағы қалаға айналған.

Байлыққа салынатын салық (Франция)
Әлемдегі ең нашар фильм
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу