Әлемдегі ең ақылды горилла
Бұл бірегей жануар 1971 жылы Сан-Франциско зоопаркінде пайда болды. Психолог Франсин "Пенни" Паттерсон Құрама Штаттардың Стэнфорд университетінде зерттеу жүргізу үшін Коконы қарамағына алады. Бастапқы міндет лингвистикалық тәжірибе жүргізу болатын. Психологқа Кокоға американдық ымдау тілін үйретуге тура келді. Эксперимент мақсаты: маймылмен қарым-қатынас жасауды үйрену және тарихта алғаш рет приматтың қалай ойлайтынын түсіну.
Франсин мен Коко жақсы команда бола алды, себебі ол 1000-ға жуық түрлі белгілерді үйренді. Ол расымен де экспериментте көзделгендей ымдау тілін үйренді. Коко ағылшын тілінде 2000-нан астам сөздерді үйреніп, олардың мағынасын түсініп, олармен жұмыс істей алды. Коко 19 жасына келгенде арнайы тестілеу жүйесінен өтіп, тіпті адамдарды алдау мен қалжыңдасыды да жақсы меңгерді.
Коко алғаш рет 1978 жылы National Geographic журналының мұқабасында пайда болды. Журнал бетіне Коко ең ақылды маймыл түрі ретінде шықты.
Коконың интеллект коэффициенті (IQ) 70-тен 90-ға дейінгі аралықта болды. Ол 12-13 жастағы жасөспірімнің даму деңгейіне сәйкес келеді.
Өкінішке орай, 19 маусым 2018 жыл әлемдегі ең ақылды горилла 46 жасында қайтыс болды.