Шнобель сыйлығы туралы дерек

Oinet.kz 18-10-2019 1418

Znalezione obrazy dla zapytania шнобелевская премия

Бұл атақты да күлкілі сыйлық сонау 1991 жылдан бері үлестіріліп келеді. Басты ұраны  - «әуелі күлдіріп, кейін ойландыратын жетістіктер үшін». Осы арқылы қоғамның ғылым, медицина және технологияларға деген қызығушылығын ояту көзделген. Айта кетерлігі, бұл жүлде қазан айының басында, яғни, шынайы Нобель сыйлығы беріліп жатқан уақытта табысталады.

Шнобель сыйлығын тапсырудың алғашқы салтанатты жиыны 1991 жылы Массачусетс технологиялық университетінде болып өтті. Ал қазіргі таңда бұл шара тұрақты түрде Гарвард университетінде өткізіледі. Жиынның өту барысының өзі ерекше. Жыл сайын шынайы Нобель сыйлығының лауреаттары бутафориялық көзілдірік, жапсырма үлкен мұрындар және сол секілді басқа да атрибуттарды тағып, Шнобель сыйлығының лауреаттарын марапаттау үшін жиналады. Іс-шара Гарвардтағы 1166 орынға есептелген үлкен лекция залында өтеді. Жеңімпаз лауреаттарға сөз сөйлеу үшін 60 секунд уақыт беріледі. Бұдан асып кетіп,  ұзағырақ сөйлейтіндерді   микрофонға «Тоқтатыңызшы, жалығып кеттім» деп айғайлайтын кішкентай қыз тоқтатады. Сыйлықтың өзі де жүлденің атына сай  жылтыр қағаздан жасалған медаль түрінде тапсырылады. Ал бірнеше күннен кейін лауреаттар лекция өткізіп,  өздері жүргізген ғылыми ізденістерді түсіндіріп береді. 

Биылғы Шнобель сыйлығын Леон қаласының бір топ  зерттеушілері жеңіп алды. Олар сырға қатысты жиіркену сезіміне мидың қай бөлігі жауап беретініне қатысты терең зерттеу жүргізіпті. 

Ең алғашқы ән
Ең алғашқы жасалған жарнама
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу