Жасыл қан

Oinet.kz 11-10-2019 1082

gblood.jpg

Медицина әлемінде ештеңеге таңқалуға болмайды. 2005 жылы Канада мемлекетінің қаласы Ванкувердегі Қасиетті Павел госпиталіне 42 жастағы пациент жеткізіледі. Ер кісі ұйқыға жата бергенде екі тізесі бүгіліп ашылмай қалған. Науқас аяғының қан тамырлары ауыратынын айтып шағымданған.

Мейіргер пациенттен қан алып жатқанда адам сенгісіз жағдайды көріп талып қала жаздайды. Оның саусағынан қызыл емес қою жасыл қан ағып жатты. Дәрігер алғашында мұны гемоглабиннің отегімен әрекетке түсе алмай жатқандығымен байланыстырды. Кейіннен анализ талдаулары пациенттің сульфгемоглобин дертіне шалдыққандығын көрсетті. Қандағы күкіртті сутек гемосидеринмен әрекетке түскенде қанның түсі жасылданатын көрінеді. Құрамында сульфаниламиді бар препараттарды шамадан тыс қабылдағанда осындай жағдай орын алады екен.

Уы ем болып дарыды
Емі жоқ ауру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу