Байдың нәскиі

Oinet.kz 11-10-2019 1922

Znalezione obrazy dla zapytania бай

Өте бай кісі өлімінің жақындағанын сезгенінде баласын жанына шақыртып ең маңызды өсиетін айтыпты. «Балам мені мазарға шұлығыммен көміңдер!» депті. Баласы түсінбегенімен жарайды деп қабыл етеді. Әкесі қолына тағы бір хат береді. «Мен өлгеннен кейін бірінші қиналған кезіңде хатты ашып оқы!» дейді.

Күндер өтіп ажалы келген әкесі жан тапсырады. Ал бұл кезде баласын бір ой мазалап жүреді. «Мен енді әкемді шұлықтарымен бірге қалай көмемін...» Қанша молдаға, имамға барса да алғаны бір жауап «жоқ, дінімізде ондай нәрсе болмайды!». Бала шарасыз отырғанда есіне әкесінің «бірінші қиналған кезіңде хатты ашып оқы» деп берген хаты түседі. Дереу хатты тауып оқиды. Хатта былай жазылған болады:
«Балам байқағаныңдай мен мұнша бай болсам да өзіммен бірге бір шұлықты да алып кете алмадым. Енді қалғанын өзің ойлан...»

Жылан етін жейсіз бе?
Адамның құлағы неден шыңылдайды?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу