Құлақ неге шыңылдайды?

Oinet.kz 23-08-2019 2273

d59fc414f8d47505bedabf3f0120034b.jpg

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қазақ ырымшыл халық. Кез-келген әрекетті белгілі бір дүниемен байланыстырып қояды. Мәселен, ел ішінде адам сенгісіз бола да «оң құлағым шыңылдаса мені мақтап жатыр, сол құлақ болса даттап жатыр» деген түсінік бар. Алайда, ғалымдар құлақтың шыңылдауы басқа дене мүшелерінің созылмалы ауруларының байланысы бар екенін анықтады. 

Құлақтың шыңылдауын («тиннитус» деп аталады) зерттеушілер құлақ ауруларымен, ми атеросклерозымен, есту қабілетінің нашарлауымен байланыстырады. Сондай-ақ, медициналық препараттарды қолданудың әсерінен болады дейді. Ал, 55 пен 65 жас аралығындағылардың құлағы жиі шыңылдайды екен.

Ғалымдар құлақтың шыңылдауы мен созылмалы аурулар мидың дәл қай бөлігінің зақымдалғанын көрсететінін анықтады. Ол бөлік – мидың ішкі медиалды префронталды қабығы мен оған іргелес жатқан ядро. Бұл бөлік адамның кез-келген нақты себептерсіз созылмалы аурулардың пайда болуына жауапты. Осы зерттеулерге қарап, ғалымдар енді құлақтың шыңылдауынан қалай арылуға болатынын қарастыруда.


Амин ағзаға не үшін қажет?
Ұйқыдағы адам неге сөйлейді?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу