Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Сурет ашық дереккөзден алынды
Австралияның 81 жасар тұрғыны өмірінде 1723 рет қан тапсырған. Қан тобындағы антиденелер анемияның күрделі түрімен ауыратын нәрестелердің аман қалуына көмектеседі екен. Қызыл Кресттің бағалауы бойынша, 1967 жылға дейін ресуз қақтығысы салдарынан жылына мыңдаған австралиялық сәбилер қайтыс болған. Харрисонның донорлығының арқасында 2 миллионға жуық сәбилерді және олардың аналарының өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туған. Харрисонның қанында анасының ресус факторлары бөлек сәбилердің өмірін сақтап қалу үшін көмектесетін өте көп мөлшерде маңызды антиденелер бар. Егер ананың ресуз факторы теріс, ал баланікі оң болған жағдайда, сонымен қатар ананың қанындағы антиденелер белсенді болса, онда жаңа туған нәресте дүниеге ауру немесе өлі келуі мүмкін. Ал, Джеймстың қанында иммуноглобулин вакцинасын шығара бастаған антиденелер бар. Австралиялық дәрігерлер бұл антиденелер оның ағзасына жасөспірім кезінде құйылған қанға байланысты деғен шешімге келген.
1935 жылы 27 желтоқсанда дүниеге келген Джеймс Харрисонды «алтын қолды адам» деп атайды. 14 жасқа толғанында оған күрделі операция жасалып, өмірін 13 литр қан құтқарып қалды. Өзін донор қаны құтқарғанын білген Харрисон кәмелеттік жасқа толған күннен бастап адамдарға донор боламын деп уәде берген көрінеді. Австралиялық азамат 63 жыл бойы әр екі апта сайын қан тапсырып, 1723 қайырымдылық жасаған. Осыдан кейін биліктегілер оны сіңірген еңбегі үшін «Австралия» орденімен марапаттады. Ал Гиннестің рекордтар кітабы оны «әлемдегі ең белсенді донор» деп таныды.
Сондай-ақ, 63 жыл бойын қан тапсырып келген Харрисон мамыр айында 81 жасқа толды. Бұл австралиялық заңмен қамтамасыз етілген қан донорының ең жоғары жасы. Харрисон 11 мамырда соңғы рет қан тапсырды.
«Мен көптеген сәбилерді осы дүниеге әкелдім, көп адамдардың өмірін құтқардым және бұл мен үшін үлкен бақыт»,-деді атақты донер.