Ергежейлі әрі алып
Сурет ашық дереккөзден алынды
Австриялық Адам Райнердің 18 жасында бойының ұзындығы 1 метр 20 сантиметр болған. Ал қолы мен аяғы тым үлкен ебедейсіз еді. 43-ші өлшемді аяқ киім киетін. Үш жылдан кейін ергежейлі Адам бірден өсе бастап, он жылда 2 метр 34 сантиметрге жетті. Ал аяғының өлшемі 53-ке бір-ақ жетті.
Мамандар тексере келе акромегалия деген диагноз қояды. Кейіннен науқастың оң көзі көрмей, сол құлағы тас керең болып қалады. Ауруы жанына батқасын тіпті төсектен тұрудан қалады. Райнер 51 жасында өмірден озды. Ол әлемдегі алғашқы ергежейлі әрі алып адам болып тарихта қалды