Президенттің өлімі
АҚШ президенті Гарфилд. Сурет ашық дереккөзден алынды
АҚШ Президенті Гарфилдтің өлімінің себебін мамандар әлсіз жүрегімен байланыстырып келді. Алайда тарихшылар президенттің медицинада санитарлық жағдайдың болмағандығынан қайтыс болғанын айтады. 1881 жылы президент арқасынан жараланып, аурухана түседі. Дәрігерлер оқты алғанымен науқас ота кезінде қайтыс болады. Зерттеушілер операция кезінде хирургтар оқты таза емес, ашық қолмен және залалсыздандырылмаған құралдармен алғанын жазады. Оның үстіне оқ түсе ме жоқ па деген ниетпен дәрігерлер сырқатты басын төмен қаратып, аяғынан жоғары көтерген екен. Бұл эксперименттің бәрі жаралы адамның жағдайын ушықтырып жіберген.