Шымкенттік дәрігерлер жатырдағы ісікті пышақсыз емдеуде

Oinet.kz 02-08-2019 1241

Screenshot_22.jpg

      Шымкент қаласындағы жедел жәрдем ауруханасының анхиографиялық кабинетінде  жатыр миомасына операция жасалды. Жабық түрде жасалынатын отаның әйелдерге тиімді жағы көп. Өйткені операция кезінде пышақ қолданылмайды. Яғни, котектор көмегімен денеге біткен ісіктің қанмен қамтамыз ететін тамырларын микросфералармен бітейді. Нәтижесінде жатырдағы миоманың өсуі тежеліп, аурудың асқынуы тоқтатылады. Отаны қауіпсіз жолмен өткізу үшін мұндағы хиругтар ангиограф апаратын қолданады.

       «Ауруханада соңғы бір жылдың ішінде жатыр миомасына жасалатын осындай 50-ге жуық ота өтті. Барлық ота сәтті аяқталды. Операциядан кейін науқасқа күтімнің қажеті зор. Жатырдағы ісік көбіне әйелдің бала сүйуіне кедергісін келтіреді. Өйткені миома жатырға бітеді. Сондықтан, бұл жатырдағы ісікті қауіпсіз жолмен емдеуді тиімді деп айта аламыз. Өйткені ота кезінде жатырды кеспейміз, хирургиялық тілім жасалмайды. Бір сөзбен айтқанда  науқас әйелдің ана болу мүмкіндігін шектемейді»,- дейді рентген хирург-дәрігері Нұржан Қарабаев.

    Мұрағаттан, 2016 ж 

Әнуарбек Маймақов: «Баланың сырқаты ата-ананың салғырттығынан асқынады»
Балаларды туберкулезден қалай қорғаса болады?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу