Ажар Ғиният отставкаға кете ме? Министрлік түсіндірді

Oinet.kz 11-01-2024 839

Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері бұған дейін ведомствоның Telegram-арнасында неліктен министр Ажар Ғинияттың отставкасына қатысты петиция жарияланғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Screenshot_8.jpg

Министрлік мәліметінше, Telegram-арнада денсаулық сақтау министрінің отставкасы туралы петиция қате жарияланып кеткен.

"Бұл жазба осы петицияны теріске шығару мақсатындағы материалды жариялау кезінде интернет дұрыс істемеуіне байланысты жарияланып кетті. Петицияның мазмұны шындыққа жанаспайтындықтан, азаматтарды жалған ақпаратқа сендіретіндіктен, ведомствоның баспасөз қызметі теріске шығару мәтінін дайындады", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, петицияға жауап ретінде МӘМС жүйесі туралы да айтылды.

"Біріншіден, МӘМС жүйесінің жұмысына қатысты әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізудің арқасында денсаулық сақтау бюджеті кейінгі үш жылда 1,7 есе, биыл 1,1 триллион теңгеден 2,8 триллион теңгеге дейін өскенін атап өткен жөн. Осылайша, сақтандыру қаражатының есебінен еліміздің бір тұрғынының денсаулығына жұмсалатын шығын 56 мың теңгеден 122 мың теңгеге дейін өсті. Қаражатты жұмсаудың ашықтығы тұрғысынан медициналық сақтандыру қоры жария есептілік пен ашықтық ережелерін қатаң ұстанады", - деп жазылған хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі "бюджеттен бөлінген 48 миллиард теңгеге жоғары бағамен медициналық аппараттар сатып алынады" деген тұжырымды да жоққа шығарды.

"Медициналық жабдықтарды сатып алу рәсімі "СҚ-Фармация" бірыңғай дистрибьюторына бекітілген, ал қаржыландыру көзі жергілікті атқарушы органдардың өтінімдері бойынша өңірлік бюджеттер саналады. Денсаулық сақтау министрлігі бірнеше рет ақпараттық шабуыл нысанына айналды, мұнда жалған ақпарат көздері қолданылып, ашық арандатуға жол беріліп жатыр. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы беделге нұқсан келтіруге тырысқанына қарамастан, министрлік мемлекеттік орган ретінде үнемі айқын және ашық саясат ұстанады", - деп жазылған министрлік мәліметінде.

Семіздік ғаламдық мәселеге айналды
Елімізде 4 мың адам азғасын ауыстыруға кезекте тұр
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу