Сыраның (пивоның) денсаулыққа зияны және пайдасы жайлы білесіз бе?
Аптап ыстықта бөтелкелеп тұрып сыра ішуді ұнатарсыз., сол сыраның денсаулыққа зияны мен қоса пайдасы да бар екенін білесіз бе?
Санаулы ғана тигізер пайдасы:
- Жүректің ақаусыздығын қорғайды: Жан-жақтылы зерттеулерге қарағанда, қалыпты шамада шарап ішкендердің (сырада соның ішінде) жүрек науқасына шалдығу қатері төмендейді екен.
- Қантамырларды қорғайды: Сыраны лайықты ішу тромбоз пайда болуынан сақтап, қан жетіспеу сипатты ми қантамыр тосылу ауыруының алдын алуға септігін тигізеді екен.
- Танымдық қаблетті арттырады: Зерттеуде 65 жастан асқан қарттар аптасына 1-6 стакан алкоголды сусындық ішсе, арақ ішпейтіндермен немесе алкоголизм дертіне ұшырағандармен салыстырғанда, алтицгаймер ауыруына шалдығу қатері төмен болады делінген.
- Сүйекті қатайтады: Сырада кремни құрамы біршама көбірек болуы мүмкін. Бірақ, алкоголды ішімдікті шамадан артық ішу сүйек сыну ықтималдығын арттырады..
- Сезімдік жақтан сауықтырады: «Епидемология және әлеуметтік денсаулық журналына» басылған бір зерттеу нәтижесінде, сыра ішетін адамдар ішпейтін адамдарға қарағанда науқасқа аз шалдығады, өзін сергек сезінеді деп көрсетілген. Дегенмен, ішпегіңіз өзіңізге абзалырақ.
Сыраның зияны:
- Зейін қою, есте сақтау қабілеттерін нашарлатады.
- Аранды ашып, көп тамақ жегізеді. Асқазан үлкейіп, семіруге алып келеді.
- Ерлерде жыныс гормоны – тестостерон азайып, әйелге ұқсай бастайды. Қарын шығып, сүйкімсіз күйге енеді.
-Жиі дәрет сындырғаннан бүйрек тамшылары тарылып, қан кетуі мүмкін.
- Жүрекке күш түсіріп, жұмысын бұзады.
- Бауыр ауруы, оның ішінде, гепатит және бауыр цифрозы пайда болады.
- Әйелдерде климакс ерте басталады.
- Ерлерде жыныстық қатынасқа түсу белсенділігі төмендейді.