МӘМС-пен ЭКО жасатуға болады
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясы барысында Алматы қаласы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры филиалының директоры Тілеухан Әбілдаев хабарлады деп жазады BAQ.KZ.
Оның айтуынша, 2021 жылы жоғары технологияларды пайдалана отырып жасалатын операциялар мен манипуляцияларға барлығы 14,9 млрд теңге бағытталған.
Міндетті медициналық сақтандырудың арқасында алматылықтарға ЭКО сияқты қымбат қызметтер қолжетімді бола түскен. Егер 2020 жылы 563 млн теңге сомаға 643 ЭКО манипуляциясы жүргізілсе, 2021 жылы 3687 қызметке 3,5 млрд теңге бағытталды. Өсім 5,7 есе.
Қазір Алматы бойынша медициналық сақтандыру қорымен келісімшарт аясында 8 медициналық ұйым экстракорпоралдық ұрықтандыруды жүзеге асыруда, - деді Т. Әбілдаев.