Жағдай тұрақты, дайындық жоғары

Oinet.kz 12-09-2020 1223

Бүгінгі таңда Түркістан облысында эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Дегенмен, өңірдің барлық медициналық мекемелерінде коронавирустық инфекциямен күрес жұмыстары бекітіліп, екінші толқынына дайындық жұмыстары жүргізілуде. Індеттің өршуі орын ала қалған жағдайда медицина қызметкерлері дайын болуы тиіс.

Эпидемиологическая ситуация по инфекционным заболеваниям стабильная -  Жандарбек Бекшин

Қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, бұл мақсатта жергілікті бюджет пен гуманитарлық көмек арқылы 800-ге жуық оттегі концентраты алынған. Қарқынды терапия палаталары бір жарым мыңға жуық оттегі нүктелерімен жасақталған.

Эпидемиологиялық жағдай ескеріле отырып, облыстың медициналық ұйымдары мен «СК-Фармация» ЖШС-і арасында дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды жеткізіп беруге қосымша келісімшарттар жасалынған. Мамандар қазірдің өзінде екі айға жететін қосымша жеке қорғаныс құралдарымен қамтамасыз етілген.

Облыста жалпы коронавирус инфекциясына тәуліктік қуаттылығы үш мыңға жуық сынаманы құрайтын 12 зертхана жұмыс істеуде. Осы уақытқа дейін 130 мыңнан астам адам тест тапсырған. Оның 3343 жағдайында Covid-19 инфекциясы расталып, 3210 адам жазылып шықты. Бүгінге бір күндік өсім 0,1 пайызды құрап, аурушаңдықтың төмендегені байқалады.

Облыс бойынша инфекциялық стационарларда бүгінгі таңда коронавирусқа қарсы емдеу шаралары үшін 600 төсек-орын дайындалған. Сонымен қатар, Түркістан қаласында 200 орынға есептелген модульді жұқпалы аурулар ауруханасы салынуда. Коронавирус және пневмония індеттерімен күресу мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарда құрамында дәрігер мен орта буын медицина қызметкерлері жұмылдырылған 380 мобильді  топ жұмыс істеуде. Сондай-ақ, медициналық ұйымдарда ашылған 20 Call-орталықтары тұрғындар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап беріп, өзекті мәслелер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Махамбет Бейсеуов: «Дипломмен ауылға» жобасының қалалық баламасын жасау керек
Қатерлі ісіктің алдын-алып болдырмайтын сусын түрі белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу