Өкпе мен бүйректің «жауы»

Oinet.kz 04-06-2020 1550

Коронавирус ауруы – Қытай Халық Республикасының Хубэй провинциясына қарасты 12 миллион халқы бар Ухань қаласының тұрғындары арасынан этиологиясы белгісіз пневмония деп аталатын (ЭБП) жұмбақ ауруымен ауырған адамдар жергілікті ауруханаларда өлім - жітіммен тіркеле бастады.

unnamed (4).jpg

Клиникасы - аурушаңдықтың алғашқы белгілері қызба, дене температурасы 38оС. Тұмаурату, бас ауруы, жалпы әлсіздік, ентігу, жедел вирусты инфекциялардың және жедел пневмонияның дем алудың қиындауына әкеп соқтырып, адам өкпесінде инфильтраттар түзіп, екі өкпені кең көлемде зақымдай келе ауыр жедел респираторлық синдромы (Гипоксемия) мен бүйрек жетіспеушілігінен қайтыс болады.

Жұғу жолдары - алғашында (зооноздық) түрлі теңіз жағалауындағы жәндіктермен жан - жануарлардан болса, ауамен, ауа тамшылары арқылы (антропоноздық) науқас адамның демі, қарым - қатынас арқылы адамдарға жұғу қаупі өте жоғары болып эпидемиядан, пандемияға - ауысуда, әлемнің барлық мемлекеттерінде тіркелу басталуда.

Эпидемиологиялық ахуал. Бүгінгі таңдағы Дүние жүзілік Денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек аталған коронавирус ауруына nCoV2019 жаңа атауы беріліп, ҚХР 17 мегаполисті ірі қаларында карантин жарияланып, әлемнің бірнеше мемлекетерінде тіркелуде.  Ал Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 25 мыңнан аса Қазақстандық туристердің Хайнан аралында демалып жатқан жерлерінен қайтарылуына байланысты 8 адам бақылауға алынып қадағалануда. Қазақстан - Қытай шекарасының тіркеу деректері бойынша Созақ ауданының 3 азаматы желтоқсан - қаңтар айларында іс - сапармен Пекинге барып қайтқанына байланысты шұғыл эпидемиялық тексеріс жүргізу нәтижесінде 2 азамат Шымкент қаласында уақытша тұратыны анықталып, мекен жайлары нақтыланып тиісті ведомстваларға хабарланып қадағалауға алынуда. Бір адамның өзі мен жанұясы медициналық бақылауға 11 ақпанға дейін алынды.

Инкубациялық кезеңі – (аурудың ағзаға енгеннен кейінгі жасырын кезеңі) 2 тәулік пен 14 тәулік арасы.

Сақтық шаралары. ҚХР - ның теңіз жағалау ас - тағам түрлерінен, шала пісірілетін жан - жануарлардың еттерінен, табиғаттың жабайы аң - құстарынан, (зоопарк) көпшілік орындардан, жөтел мен түшкіруден, қолды жиі жуу мен тұмылдырықпен жүру. Бөлмені 1 сағат сайын 5 - 10 минутқа ауасын алмастырып тұру. Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде ағайын! Түрлі жағдайлармен шекара жабылғанға дейін ҚХР барып - қайтқан аудан тұрғындары болса, жергілікті медициналық мекемелерге тіркелулеріңізді сұранамыз.

Емдік шаралары .  Арнайы ауруға қарсы вакцинасы әзірге жоқ. Тұмау және жедел өкпе қабынуы, жедел респираторлы вирусты инфекция ауруларының симптоматикалық емдері.

Қ.АҚҚУЛИЕВ, Созақ аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының

Эпидемиологиялық қадағалау бөлім басшысы 

Куркуманың пайдасы
Тіс щеткасын қалай таңдау керек?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу