«Парафинді ботокс»
Ғалымдар мен медицина мамандары бүгінге дейін мәңгі өмір сүрудің, қартаймаудың мың бір айла тәсілін ойлап тапты емес пе? Қазіргідей ботокс, пластикалық хирургия дамымаған кезде дәрігерлер парафинді әжімге қарсы қолданған. 19 ғасырда батыс еуропа өңіріндегі ақ халаттылар жасарғысы келген қыз-келіншектердің бетіне парафинді инъекцияны еккен. Олар балауыз әжімді кетіріп, бетті тегістейді деп ойлаған.
Сондай-ақ парафинді жасы келген әйелдердің көкірегін үлкейту үшін де қолданған екен. Алайда балауыздан пайда болмағасын әрі пациенттің денсаулығына қауіп төндіргесін уақыт өте келе мамандар бұл процедурадан бас тарта бастады.