Тізерлеп отыру орындыққа отырудан пайдалы

Oinet.kz 04-06-2020 882

Аң аулаумен айналысатын Африка тайпаларының жүріс-тұрысын зерттеген Америка ғалымдары орындыққа не диванға отырғанға қарағанда тізерлеп не жүресінен отыру әлдеқайда пайдалы деген қорытындыға келді.   

Зерттеу нәтижесін жазған – Proceedings of the National Academy of Sciences журналы.   

Қазіргі адамдардың көбі уақытының басым бөлігін отырумен, отырып жұмыс жасаумен өткізетіні белгілі. Адамзат өмір бойы энергия үнемдеудің жолын іздеумен, соның әдіс-тәсілдерін табумен бас қатырып келе жатыр. Эволюциялық тұрғыдан ойлап қарасақ, бұл заңды да. Енді қазіргі заманда күш-қуатты үнемдеудің түрлі жолдары мен амалдары (технология, құрал-жабдық) пайда болса да, адамзаттың денсаулығы жақсара қойған жоқ, керісінше, жапа шегіп жатыр. Отырудың зиян екені талай айтылып жүр. Отырып ұзақ жұмыс істеу қан айналымын нашарлатып, бұлшық еттегі зат алмасуды (метаболизмді) қиындатады.  

Орындық пен диван ойлап табылғанға дейін адамдар қалай отырып, қалай демалғанын зерттеген Оңтүстік Калифорния университетінің ғалымдары Танзанияда терімшілікпен, аң аулаумен айналысатын хадза тайпасының тыныс-тіршілігімен танысып көрген. Зерттеуге қатысқан тайпа өкілдеріне ғалымдар олардың физикалық белсенділігі мен демалысын есептеп отыратын қондырғы орнатқан. Ғалымдар қол еңбегімен айналысатын адамдардың физикалық белсенділігі жоғары деп ойлаған еді басында. Алайда хадза тайпасының адамдары күніне, шамамен, бір сағат қана физикалық белсенділікте болатыны белгілі болды. Бұл, әрине, АҚШ-тың денсаулық сақтау министрлігі норма деп ұсынған 22 минутынан үш есе көп. Бірақ ғалымдар жабайы ортада өмір сүретін адамдардың белсенділігі мен күш жұмсауы бұдан да жоғары болар деп ойлаған еді. 

- Бұдан шығатын қорытынды мынау: бұрынғы адамдар да қимылсыз, қозғалыссыз өмір сүрген қазіргілер сияқты. Бірақ бұрынғы адамзаттың артықшылығы сол – табиғатпен етене, тете өмір сүргендігі. Яғни, адам жарытылысынан асып ештеңе істеген жоқ, болмысы мен қарым-қабілеті әу баста қалай болды – солай өмір сүрген, - дейді ғалымдар. Ғалымдар күні бойы 9-10 сағат бойы тағатсыз тыныш отыратын тайпа өкілдерінің созылмалы аурулардан ада екендігіне таңқалған. Бұған арнайы зерттеу жүргізген мамандар хадза халқының тізерлеп не жүресінен көп отыратынын байқаған. 

- Тізерлеп отырған адамның қан айналымы тізерлеп отырған адамдікіне қарағанда жақсырақ. Бұлшық етке түсетін салмақ та көбірек. Тіземен отырған кезде аяқтағы бұлшық еттің бүкіл бөлігі қимылға келіп, қан айналымы, зат алмасымы жақсы болады. Ал орындыққа отырғанда бұлшық еттің біраз бөлігі қимылсыз қалады. Мұны бұлшық етке тағылған арнайы қондырғы анықтап берді, - дейді ғалымдар. Ал тізерлеп не малтас құрып отырған адамның бұлшық еттері көп энергия тұтынатындықтан, ағза оған қажет жанармайды табу үшін майды «жаға» бастайды. Сондықтан тізерлеп отырған хазда тайпасының адамдары 10-12 сағат бойы кеңседе, үйде, көлікте отыратын қазіргі адамдарға қарағанда денсаулығы жақсы. 

Енді зерттеу жүргізген авторлар отырып жұмыс істейтін адамдарға арасында тізерлеп не жүресінен, малтас құрып отырғаны жөн деп кеңес беруде.  «Күні бойы тізерлеп отыру керек деген ой болмасын. Тек арасында қан айналдыру үшін тізерлеп не жүресінен отырып көру керек. Бұл күні бойы орындықта отыра бергенге қарағанда жақсы», - деп кеңес береді ғалымдар. 

Мейірімі төгілген «Алтын дәрігер»
Профилактика гриппа и ОРВИ
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу