Ағзаны қалай тазартамыз?
Көктем – табиғатпен қатар адам ағзасы да оянатын уақыт. Адам ағзасы қыстан соң қайта ретке келтіруді қажет етеді. Ағзаны тек ашығу арқылы емес, басқа да әдістермен тазалауға болады.
Зығыр дәні бүкіл ағзаға, әсіресе, ішек, тері және бауырға өте пайдалы. Оның көмегімен барлық токсин шығады, ас қорыту ретке келеді және сыртқы келбет жақсарады. Таңғы асқа суға піскен сұлы ботқасын жеген жөн. Сондай-ақ ағзаны қажетті су мөлшерімен тойдыру. Барлық биохимиялық өзгеріс секілді тазалау да сулы ортада жүреді. Сондықтан әр күніңізді 1-2 стақан жылы су ішумен бастаған жөн. Күні бойы судың жеткілікті мөлшерін ішсеңіз, бүйректер дұрыс жұмыс істейді де, олар артық заттарды ағзадан оңай шығара алады.